Want to create interactive content? It’s easy in Genially!

Reuse this genially

Заманның көркем шежіресі

Библиотека Жанааркин

Created on May 31, 2023

Start designing with a free template

Discover more than 1500 professional designs like these:

Transcript

БАСТАУ

«Заманның көркем шежіресі»

Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әнес Сарай тарих тылсымына шұқшия үңіліп, тірнектеп дерек жиып, тебіреніп қалам тербеу әрбір қаламгердің қасиетті парызы деп санайды. Тарих тағылымы арқылы ғана қайсар, табанды, өршіл ұрпақты қалыптастыруға қол жеткізуге болатынына қапысыз сенеді. Қаламгердің қарымды қаламынан туған «Көнеліктер», «Көк түріктері», «Ноғайлы» – қазақ тарихының кең тынысын ашатын құнды дүниелер екені жұртшылыққа мәлім.

Өмірбаяны

Әнес Сарай Төлендіұлы – жазушы, драматург, еңбек қайтарткері. 1937 Ресей федерациясының Астарахань облысы, Воладар ауданы, Кірмалай ауылында дүниеге келген. Жазушы Ресей жерінде дүниеге келсе де, өз әріптестерінен дараланып, оқшаулау көрсететін бір сыры: ол өз шығармаларын түгелдей Атырау өңіріне, кәрі Каспий теңізшілері мен балықшыларының өміріне арнаған. Ол – шын мінінде теңіз жыршысы. Ол батыс Алаш тарихын қамтитын «Еділ-Жайық» романының және Алаш қозғалысына қатысты деректі материалдардың авторы. Сонымен қатар, Әнес Төлендіұлы Махамбет ақынның өлеңдерін бала күнінен жаттап, Исатай батыр рухын жан-жүрегімен сезініп өскенінің арқасында Исатай мен Махамбет зерттеу еңбегіне тұтас 20 жыл уақытын арнаған ұлт жанашыры. ҚазҰУ-ды бітірген. «Егемен Қазақстан», «ЖасАлаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.

Кітаптары

ӘНЕС САРАЙ

Ноғайлы

ӘНЕС САРАЙ

Көнеліктер

ӘНЕС САРАЙ

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

ӘНЕС САРАЙ

ИСАТАЙ - МАХАМБЕТ ТАРИХЫ

+ толығырақ

ӘНЕС САРАЙ

Көк түріктері

+ толығырақ

+ толығырақ

+ толығырақ

+ толығырақ

Әнес Сарай туралы ойлар

Алтыншаш ЖАҒАНОВА, жазушы, қоғам қайраткері

Мен үшін Әнекеңнің орны мүлдем бөлек. Ол кісі –жазушы. Ол кісі еңбекқор. Әнекең бас алмай жазуға бар. Тіпті айтпасаң, тамақ ішуді де ұмытып кетеді. Кейде жаным ашып: «Папасы-ау, денсаулығыңнан не қалды, жазуды енді қойсаңшы» деймін. Оған көнетін папамыз жоқ. «Мен жазуды тастасам, кім болғаным» деп балаша ренжиді. Әнекеңнің жазып жүрген дүниелері – күрделі еңбек. Сондықтан жанашырлықпен қарап, барлық жағдайын жасап беруге тырысамыз. Бұл үйде папа не айтты, сол болады. Ол кісі ақша мәселесіне араласпайды, анаған-мынаған жұмсап қойды деп басын қатырмайды. Ол кісіге жаңа киім алып беру дегеннің өзі – үй салудан да қиын. Дүкенге бармайды. Дүниеге қызықпайды. Бар есіл-дерті – тек жазу.

Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары М.Құлкенов.

– Әнес ағамыздың жәй шежіре емес, күллі қазақ-түркі халқы және оның тереңге жайлаған тарихы жөнінде жазған еңбектері көп. Төл тарихымыздың кем тұстарын жарық әлемге паш етуде, тегімізді танытуда біраз еңбек еткен, Әнес ағамыздың еткен еңбегі шексіз. «Адай тарихын» әрбір адам баласына оқуға кеңес беремін.

Атырау облыс әкімінің орынбасары Н.Таушов.

Күллі елге, Алашқа ортақ мақтаныш болған, жұртына адал қызмет істеген жақсылар болса керек. Әнес ағамыз қарт Каспийдің жағасында, Астрахань жерінде кіндік қаны тамған. Бар ғұмыры Еділ мен Жайық арасынан жауһар іздеп өткен, сөйте тұра түркі дүниесінің бар асылын түгендеген жанкешті еңбекқор жазушы еді. Бүгін ұлт тарихының тағы бір құнды парағын ашқалы отырмыз. Өмірінің соңғы күндерінде жазып шыққан осы «Адай тарихы» – қазақ шежіретануына қосылған құнды дүние деп білеміз.

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВфилология ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қаламгер – өз заманының көркем шежірешісі. ХІХ ғасырдағы орыс сыншысы Чернышевский өмір шындығына көркемдік баға берілген шығармаға уақыт та, заман да билік ете алмайды деп еді. Қаламгер Әнес Сарайдың шығармалары да сондай көркемдік-эстетикалық биікте тұр.

«Мұнарлар шақырады» деген атпен алғашқы әңгімелер жинағы 1969 жылы жарық көрді. 1989 жылы орыс тілінде «Қараша айы келгенде» кітабы шықты. «Қу тазша», «Ару Алматы», «Мұқым менің», «Аңсау», «Тымырсық» пьесаларының авторы. «Біз – жастармыз», «Атаман Анненковтың күйреуі» фильмдерінің сценарийлерін жазған. «Еділ-Жайық» романы үшін 1992 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Мұнаралар шақырады. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1969; Қараша өткен соң. А., «Жазушы», 1971; Бозқырау. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1973; Тосқауыл. Роман. А., «Жазушы», 1976; Алтын арал. Роман. А., «Жазушы», 1984; Ақ тымық күн. Роман. А., «Жазушы», 1989; Асылдың сынығы. Роман. А., «Жазушы», 1996; Исатай – Махамбет тарихы, А., 1997; Адайлардың арғы тарихы. Роман. А., 1998.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Фотосуреттері