Want to make creations as awesome as this one?

Несіпбек Айтұлы

More creations to inspire you

Transcript

Қазақтың көрнекті ақыны Несіпбек Айтұлы

Өмірбаяны

Шығармашылығы

Кітаптары

Мақалалары

Фотогалерея

Ой-пікірлер

Құрметті оқырмандар ақын, профессор Бауыржан Жақып айтпақшы елімізде қазақ поэзиясының еңсесін биіктетіп, ұлттық қадір-қасиетін сақтап келе жатқан шоқтығы биік жеке тұлғалар бар. Солардың бірі Несіпбек Айтұлы. Сол себептен осы виртуалды көрме сіздерге осындай тұлғалардың бірі, көрнекті ақын, қаламгер Несіпбек Айтұлының өмірі және шығармашылығымен таныстырып, өмірбаянын ұсынады.

Өмірбаяны

Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты(2012ж), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2011), «Парасат» орденінің иегері(2004). Таңдамалы жеті томдығы «Фолиант» баспасынан (2015 ж.) жарық көрген эпик ақын. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1974-1984 жж. «Балдырған» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор. 1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазақстан Жазушылар одағының секретариат мүшесі, Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры. Ал 2001 жылдан бастап Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет атқарды. Соңғы жылдары «Алтын тамыр» журналының бас редакторы болып жүрді. Несіпбек Айтұлы сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл мен Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың иегері, «Парасат» орденімен марапатталған. Аягөз және Табағай аудандарының құрметті азаматы. Тарбағатайдан шыққан ақындар мен батырлар жеткілікті. Қаракерей Қарабанбай батыр мен Дулат Бабатайұлы ақынның өздері қазақ санасынан өшпес ерліктер мен дастандар қалдырған. Міне, сол киелі өңірде туған Несіпбек Айтұлы да қазақ халқына асыл мұра қалдырған ақын. Алакөл суының көптеген ауруларға ем екені белгілі, Несіпбектің бойына бала кезде Тарбағатай шөбінен қуат берілсе, Алакөлдің суынан шипа құйылған. Ал өлең шіркін қанмен дарығаны талассыз. Себебі, Несіпбектің атасы да, әкесі де, нағашылары да ақын болған екен. Сондықтан оның бойына ақындық екі жақтан берілуі мүмкін. Мүмкін таудың табиғатынан, топырақтың, туған жердің киесінен де болар.

шығармашылығы

Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», балаларға арналған «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок»), «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, Шығыстың ұлы шайыры Ә.Науаидың «Ескендір қорғаны», «Ләйлі-Мәжін» дастандарын тәржімалап, «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ.Родаридың, сондай-ақ, М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін туған тілімізде сөйлеткен. «Бас сүйектері» (1976), «Жасынның сынығы» (1977), «Найзағай» (1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын» альманахы жариялаған Республикалық конкурстардың жүлделерін, «Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. «Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы Республикалық әдеби конкурстың жүлдесіне ие болса, «Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері. «Бәйтерек»(2003), «Көз жасым» таңдамалы (2006), «Бөрітостаған» (2007), «Ерлікке ескерткіш»(2008), «Сардар»(2008), «Құланойнақ»(2009), «Арқатірек»(2010), «Наурызбай»(2011), «Ту»(2012), «Сарайымнан шыққан сөз»(2014), «Дариға, дәурен»(2018), т.б. кітаптары жарық көрді. Сөз зергері Н.Айтұлы кең тынысты эпикалық поэмалары мен лирикалық өлеңдері арқылы Қазақстанның тәуелсіздігінің жыршысына әрі жаршысына айналған төкпе ақын. Оның поэмаларында алаш жұртының қаһармандық тарихы мен азаттық рухының қадау-қадау кезеңдерінің алып панорамасы шеберлікпен жасалған деуге болады. Н.Айтұлы «Сардар», «Ту», «Наурызбай», «Жалаңтөс», «Шақантай», «Бердіқожа», «Төлегетай», секілді поэмаларында азаттық үшін жанын пида еткен біртуар ерлердің галереясын сомдаса, Ұлы даланың қасиетті топырағы үшін күрескен Кенесары бастаған ерлер туралы «Ақмола шайқасы» поэмасы, осы тақырыпқа сабақтас туған «Жер – жаннан қымбат» дастанында елорданың терең тарихынан сыр шертіледі. Н.Айтұлы бабалардың арманы жүзеге асып, тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықтан мәртебелі орын алып, жаңа елорда Астананың бой түзеп сәулеті артқанын «Бәйтерек» поэмасы арқылы қапысыз мүсіндейді. Ақынның суреттеуінде «Бәйтерек» – елорданың ғана емес, күллі Қазақ елінің арман-мұратын әйгілеген рәміз, тәуелсіздігіміздің асқақ миуалы мұнарасы.Ақынның «Көкала үйрек», «Құланаян Құлманбет», «Сүйінбай», пэмаларында ұлт мақтанышы болған ұлы тұлғалардың бейнесі көркем сомдалалады. Н.Айтұлы – ән-өлең жанрына да ерекше үлес қосқан ақын. Оның «Ән домбыра», «Сарыарқа», «Дәурен-ай», «Арман», «Дариға, дәурен», «Қазақтай ел қайда» секілді көптеген туындылары халықтың сүйіп айтатын таңдамалы әніне айналған.

кітаптары

Ерлікке ескерткіш: поэмалар / Айтұлы, Несіпбек ... – Астана : Фолиант, 2008. - 96 б., сурет; . . – 9965-35-404-9(мұқ.)

Сарайымнан шыққан сөз [Text] : мақалалар, сұхбаттар / Айтұлы Несіпбек ... – Астана : Фолиант, 2014. - 488 бет 22,5 см . – 2000 дана – 978-601-7568-81-8

Дариға, дәурен [Мәтін] : өлеңдер, аудармалар, поэмалар мен толғаулар / Н. Айтұлы ... – Астана : Фолиант, 2018. - 231, [5] б.– (Рух. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бағдарламасы " Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату" кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді . . – 1000 дана – 978-601-302-919-1 (мұқ.)

Ту [Text] : поэмалар / Айтұлы, Несіпбек ... – Алматы : Жаухар, 2012. - 376 б.– (Жаңа заман әдебиеті: поэзия. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" бағдарламасы бойынша шығарылды . . – 2 000 дана – 978-601-80093-9-6 (мұқ.)

мақалалары

1. Айтұлы, Н. Несіпбек Айтұлы "Әдебиет өштi, тоқырап қалады" деген ұрандарға сенбеймiн" [Мәтін] / Н. Айтұлы; әңг. М.Алмасбекұлы // Жебе. - 2014. - 16 қаңтар (№ 2). - 10-11 б. ISSN<br>

2. Айтұлы, Н. Несіпбек Айтұлы: Қазақ елі - ұлттық идеологиямыздың басы болады [Мәтін] / Н. Айтұлы; әңгімелескен: Кенжекей Тоқтамұрат // Ел арна. - 2014. - 28 ақпан. - 3 б. ISSN<br>

3. Айтұлы, Н. Қазақтан шыққан губернатор [Мәтін] / Н. Айтұлы // Egemen Qazaqstan. - 2019. - 6 қыркүйек. - 11 б. ISSN<br>

Фотогалерея

ой-пікірлер

Несіпбек Айтұлы - қарымды қаламгер, арынды ақын ретінде қазақ поэзиясына, соның ішінде кең тынысты дастан-поэма жанрының дамуына сүбелі үлес қосты. Мемлекетшіл көзқарас пен ұлтжанды ұстанымы биік тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев

Несіпбек Айтұлы - поэзия əлемінде өзіндік орны бар, егемен еліміздің жарқын жетістіктерін жыр жолдарымен өрнектеген, талғамы биік оқырманның жоғары бағасын алған ақын, сара сөздің шебері. Қазіргідей сын сағатта халқымызды сабырлы, ынтымақты болуға шақырып, азаматтық үн қосып отырған ақын. Қасым-Жомарт Тоқаев

Несіпбек Айтұлы - əдебиетіміз бен мəдениетімізді байытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан адуынды ақын, қажырлы қайраткер. «Құланойнақ», «Арқатірек», «Дариға, дәурен», «Сарайымнан шыққан сөз», «Рухымның падишасы» жəне тағы басқа көркем сөзбен көмкерілген мағыналы кітаптарымен поэзияда тың құбылыс қалыптастырды. Əлем жазушыларының таңдаулы шығармаларын ана тілімізде сөйлетіп, талғампаз оқырманның ыстық ықыласына бөленді. Ақтоты Райымқұлова

Несіпбек Айтұлына қазақ поэзиясының бәйтерегі, әрі елдік тұрғыдан кең ойлайтын зиялы азамат ретінде құрметіміз әрдайым жоғары. Бұл кісінің елордамыздың рухани еңсесінің тіктелуіне қосқан үлесі зор. Несіпбек Айтұлы сияқты ел ағаларының атқарған қызметі – соңынан ерген шығармашыл жастар үшін үлгі-өнеге. Ақын ағамыз шәкірт тәрбиелеу ісін де оңды атқарып келеді.

Алтай Көлгінов

Өз жастығы мен жас творчествосына лайық үн аңғардым. Тілі жатық, ойы анық. Өлеңдерінен жасандылық байқалмайды, жастыққа тән от бар. Ағынан жарылып, таусыла талаптану, ізденіс бар. Қайсыбір жастарда ұшыраса бермейтін мүлде бір бөлек сарын еседі.

Мұқағали МАҚАТАЕВ