Want to create interactive content? It’s easy in Genially!

Get started free

Akihabara Connectors Infographic Mobile

Аягоз

Created on December 18, 2024

Start designing with a free template

Discover more than 1500 professional designs like these:

Transcript

Онлайн кітап оқу

Ілияс Жансүгіров және қазақ халқының рухани мұрасы

Виртуалды көрме

Ілияс Жансүгіров (5 мамыр 1894 жыл, Ақсу ауданы, Алматы облысы – 26 ақпан 1938 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы. Қысқаша өмірбаяны Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Орта жүздің Найман тайпасы Матай руынан шыққан. 1919 жылы Ташкентте екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оқуын бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы Алматыда Қазақ ағарту институтының меңгерушісі болып тағайындалады. 1925 жылы Мәскеуге Журналистика институтына оқуға түседі. 1928 жылы институт бітірген соң, "Еңбекші қазақ" газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланады. 1934 жылы өткен 1-съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы болып қызмет етеді. 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі. 1937 жылы НКВДмен тұтқындалды. 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1958 жылы ҚазақКСР Жоғарғы сот шешімімен қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақталды

Еңбектері

Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. «Сарыарқаға», «Тілек» атты өлеңдері Жансүгіровтың жарық көрген алғаш туындылары еді. Олар 1917 жылы Семейдегі «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Содан кейін Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Кейіннен Жансүгіров халқының алдында қаламы ұшталған, ойы терең, талантты ақын ретінде белгілі болды.

Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.