Балалар әдебиетінің классигі
Библиотека Жанааркин
Created on December 10, 2024
Over 30 million people build interactive content in Genially.
Check out what others have designed:
FOOD AND NUTRITION
Presentation
IAU@HLPF2019
Presentation
SPRING IN THE FOREST 2
Presentation
HUMAN RIGHTS
Presentation
BLENDED PEDAGOGUE
Presentation
VALENTINE'S DAY PRESENTATION
Presentation
WOLF ACADEMY
Presentation
Transcript
«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ»
Бердібек Соқпақбаев
КІТАПТАРЫ
ОЙ-ПІКІРЛЕР
ФОТОГАЛЕРЕЯ
ГАЗЕТ МАҚАЛАЛАРЫ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ӨМІРБАЯНЫ
МӘЗІР
Соқпақбаев Б. Он алты жасар чемпион. Повесть . – Алматы: «Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет» баспасы, 1951 . - 101 бет. Б. Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» атты повесі алғашқы рет 1951 жылы жарық көрді. Повестің тақырыбы өз заманында тым жаңа болды. Сондықтан да Соқпақбаев алғашқы туындысын өңдеп 1957 жылы «Чемпион» атты кейін 1962 жылы «Жекпе - жек» атты шығармаларын көпшілікке ұсынды. Бұл шығармада қазақтың қара домалақ балаларына тән спорттың түрі бокс жайлы жазылған. Ал енді шығарманың өзіне келетін болсақ басты кейіпкер Мұрат Батырбаев. Ол ауыл баласы. Жалықпай, қажымай, талмай сондай ақ табандылығының нәтижесінде ол бокс чемпионы атанады.
Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа. Хикаяттар мен әңгімелер. – Алматы: «Қазақпарат», 2005 . – 212 бет Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы Б.Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым Қожа» атты әйгелі хикаяты мен «Қайдасың Гаухар?» хикаяты, сонымен қатар балалар өмірін арқау еткен бірнеше көркем әңгімелері еніп отыр. Жазушының қызықты оқиғаларға толы, тілі жатық туындылары бала жанын баурап алары анық.
Соқпақбаев Б. Балалық шаққа саяхат. Повестер. – Алматы: «Балауса» баспасы, 2006. – 344 бет. Көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың бұл кітабына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты оқырман қауым арасына кең тараған екі повесі еніп отыр. Бұларда ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленген.
Бердібек Соқпақбаев туралы естеліктер. – Алматы: «Білім», 2005. – 208 бет + 8 бет суретті. Қалың оқырман қауымға арналған бұл кітап қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың азаматтық-жазушылық келбеті жайында сыр шертеді. Бекеңмен қатар жүрген замандастарының, көз көрген ізбасар інілерінің, сыншылардың, балаларының естеліктерін, жүрек жарды сырлары мен зерттеу мақалаларын жазушының 80 жылдығына орай жинақтап, ел – жұртына ұсынып отырмыз. Әдебиетіміздің үлкен тұлғаларының бірі Бердібек Соқпақбаевтың қаламгерлік келбеті жас ұрпаққа тағылымды болатыны сөзсіз.
Соқпақбаев Б. Өлгендер қайтып келмейді. – Алматы: «Ан арыс» баспасы, 2014. – 436 б. Қазақ балалар әдебиеті классиктерінің бірі Бердібек Соқпақбаев өз кезеңінің шындықтарын көркем бейнелеген шығармалары арқылы оқырман қауымның айрықша ықыласына бөленген қаламгер. Сөз зергері Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналып қайта шығарылып отырған шығармалар жинағының бірінші томына «Өлгендер қайтып келмейді» романы, «Аяжан» хикаяты мен әңгімелері енгізілді. Бүтіндей бір дәуір келбетін қайталанбас суреттер, айшықты баяндаулар арқылы көз алдыңызға әкелер сом туындылар көңіліңіздер шығады деп ойлаймыз.
Соқпақбаев Б. Таңдамалы. Роман, хикаяттар, әңгімелер/Б.Соқпақбаев. – Алматы: «Қазақпарат» баспасы, 2018.- 1116 бет. Қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі көркемсөз шебері Бердібек Соқпақбаевтың таңдамалары шығармалар жинағына «Өлгендер қайтып келмейді» романы, кезінде қалың оқырман қауымның жыл бағасын алған «Қайдасың Гаухар?», «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа» т.б. хикаяттар еніп отыр. Сонымен бірге кітаптан автордың қаламынан шыққан бір топ әңгімелері, жазушы өмірінің әр кезеңдегі сәттерін, бейнелейтін құнды фотосуреттер орын алады. Қазақ әдебиетінде айшықты із қалдырған атақты қаламгердің асқақ рух пен асыл адамгершілік қасиеттерді насихаттайтын өшпес туындылары рухани игілікке айналып халқымен бірге жасап келеді.
Бердібек Соқпақбаев: библиографиялық көрсеткіш/Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы: құрас., Б.С.Ташимова, Г.Т.Умарова. – Астана, 2024 . – 144 бет. Библиографиялық көрсеткіш көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбевқа арналған. Библиографиялық көрсеткіште Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен қызметі, шығармаларының библиографиялық тізімі, есімдер көрсеткіші, атаулар көрсеткіші берілген. Көрсеткіш көпшілік оқырман қауымға, оқушылар мен студенттерге, зерттеушілерге, кітапхана қызметкерлеріне арналған.
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924 ж., Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991 ж., Алматы) — қазақ балалар жазушысы. Албан тайпасы Құрман руының Беснайза тармағынан шыққан. • Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949 ж.). • Нарынқол ауданында мұғалім болды. • "Жұлдыз" журналында жұмыс істеген. • "Балдырған" журналында қызмет атқарған. • Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-1970 жж.). Бердібек өскен отбасы өте кедей еді. Ол Албан тайпасының Құрман руының Беснайыз тармағынан шыққан. Бердібек 8 жасында анасынан айырылды, бұл оның өмір бойы айнымас азабы болып қалды. Баланың бойына білімге деген сүйіспеншілікті кейін соғыста қаза тапқан ағасы Сатылған сіңірткен. Бала аштық пен ауыр жұмысты және т.б. қиыншылықтарды басынан өткерген. Дегенмен, ол өте ізденімпаз, қабілетті бала болып өсті және өмір бойы өзінің оптимизмі мен көңілділігін сақтап қала алды. Мектептен және ФЗО-дан кейін ол әскерде қызмет етті. Одан кейін Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқып (1945-1948 жж.), кейін туған ауылында екі жыл ұстаз болып жұмыс атқарды. 1950 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Пионер» және «Қазақстан пионерлері» қазақ газеттерінің редакцияларында қызмет етті. Кейіннен Соқпақбаев Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты (1955-57 жж.) бітірген. Бердібек Соқпақбаев жазушылық жолын «Бұлақ» (Көктем) жыр жинағынан бастады. 1950 жылы жарық көріп, бірден өз оқырмандарын тапты. Жазушының келесі кітабы – «Он алты жасар чемпион» повесі.
• "Бұлақ" (1950 ж.) өлеңдер жинағы • "Он алты жасар чемпион" (1951 ж.) • "Бақыт жолы" (1952 ж.) • "Алыстағы ауылда" (1953 ж.) • "Балалық шаққа саяхат" (1960 ж.). "Балалық шаққа саяхат" атты повестьі бойынша жазылған киносценарий де фильмге түсірілді (1965 ж.). • "Дала жұлдызы" (1960 ж.) • "Аяжан" (1963 ж., орыс тілінде 1965 ж.) • "Гауһар" (1966 ж.) повестерін жазды. • "Менің атым Қожа повестьі" (1957 ж.) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967 ж.) арнайы сыйлыққа ие болды. • "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958 ж.)• "Әпенденің айласы" (1960 ж.) • "Менің атым Қожа" (1967 ж.) т. б. драмалық шығармалар жазды. • "Өзім туралы. Жекпе-жек": повесть - А.: Қазақ. мемлекет. Көркем әдебиет баспасы, 1957 ж.- 166 б. • "Өлгендер қайтып келмейді": Роман және әңгімелер.- А.: Жазушы, 1979 ж.- 464 б. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974 жж.) орыс тіліне аударылып басылды (1969 ж.).
«Бердібек – сөзіне берік, ісіне ұқыпты жан. Мен білетін жазушылардың ішіндегі қарапайым, шаруақоры. Өзіне де, өзгеге де қатал, тура, әділ». «Б.Соқпақбаев – қалам құтын, өнер дәулетін кітапханадан іздемей, қияметтей қиын қыспақты қытымыр тірліктің өзінен іздеген, іздегенін тапқан талантты жазушы». Мұзафар Әлімбаев Қазақстанның халық жазушысы «Жазады – түбін түсіріп барып бір-ақ тойтайды. Бұл – Бердібектің шырайы, Бердібекке ғана тән нәрсе». Сайын Мұратбеков, жазушы. «Еңбегін бұлдап, бұлданғанын да естіген емеспіз. Көзі тірісінде қиянат көріп, қан жұтқан үлкен дарындар Қазақстанда аз болмады десек, соның бірі Бердібек еді». Баққожа Мұқай Жазушы, драматург «Бердібек өзінің еңбегімен халықтың дара жазушысы атанды. Ол тәңірінің тумасынан, жаратылыстың болмысынан, өзінің талантымен де, болмысымен де халықтың нағыз жазушы ұлы болды». Әбдіжәміл Нұрпейісов Қазақстанның халық жазушысы «Б.Соқпақбаев – бірінші жақпен жазуды мықтап меңгерген жазушы. Мұның өзі оқиғаға өмірде болған қилы-қилы құбылыстарға сенімділікті, жазушының нақтылы оқиғаға тікелей қатысын танытады. Бердібектің «мені» маған қан-сөлі тамып тұрған өмір, бәріміз тіршілік етіп жүрген жер бетіндегі үлкенді-кішілі адамдардың әрекеті, болмаса қуаныш-күйініші боп көрінеді». Тахауи АхтановЖазушы «Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – «Менің атым Қожа» повесі. Қожа бейнесі – қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның еңсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен таласпай-ақ, тіпті, солармен жетеғабыл жүргеннің өзі әдебиет үшін аз бедел ме?». Қастек Баянбаев Ақын
3. Соқпақбаев, Б. Барлығы өтірік // Жұлдыздар отбасы. – 2015 . – 2 ақпан (№4). – 36 – 37 б.
2. Досанова, Қ. Соқпақбаев әлеміне саяхат // Ұлан .- 2015.- 10 тамыз (№52). – 2 б.
1. Досанова, Қ. Көп мінезім әкеме ұқсаған// Ұлан.- 2015.- 15 мамыр (№21). – 3 б.