Want to make interactive content? It’s easy in Genially!

Over 30 million people build interactive content in Genially.

Check out what others have designed:

Transcript

ӨМІРБАЯНЫ

О.БӨКЕЙ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

КІТАПТАРЫ

ШЫҒАРМАЛАРЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

МАҚАЛАЛАРЫ

«Алтайдың асқақ жыршысы»

start

Оралхан Бөкей .Мұзтау. Қар қызы

Оралхан Бөкей .Тоқадан қалған тұяқ

Оралхан Бөкей Шығармалары 6 том

Оралхан Бөкей Шығармалары 4 том

Оралхан Бөкей Шығармалары 4 том

Оралхан Бөкей Шығармалары 3 том

Оралхан Бөкей Шығармалары 1 том

• Қайдасың қасқа құлыным: Повестер, новеллалар, .-Алматы:Жазушы,1973.-200б • Мұзтау: Повесть, эссе, новеллалар.-Алматы:Жазушы,1975.-256б • Үркер ауып барады.: Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жалын,1981.-528б • Өз отыңды өшірме: роман .- Алматы: Жазушы, 1981.-384б. • Біздің жақта қыс ұзақ.-Алматы: Жалын, 1984.-432б • Құлыным менің: пьесалар.-Алматы:Өнер,1986.-368б • Ұйқым келмейді:Повесть, әңгімелер.- Алматы:Жазушы,1990.-559б • Өнерге өлердей-ақ ғашық едім: Очерктер, көсемсөздер, эсселер / Кұраст.А.Бөкеева.- Алматы: Санат, 1995.- 304б • Екі томдық таңдамалы шығармалар .- Алматы: Жазушы, 1994. Т.І:Повестер.-496бет, Т.2: Өз отыңды өшірме: Роман, Атаукере:Повесть.-1996.-496б • Қайдасың қасқа құлыным:Повестер, әңгімелер, /Құраст: Р.Мәженқызы.- Астана: Елорда, 1999-328б • Кербұғы: Әңгімелер мен повесть .- Алматы: Атамұра, 2003.- 204бет.- (Атамұра кітапханасы).• Тоқалдан қалған тұяқ: Әңгімелер / О. Бөкей.- Астана: Таным, 2003.- 80б. • Қар қызы : Хикаяттар / құраст.Р.Мәженқызы.- Алматы: Раритет, 2008.- 280б.- (Алтын қор кітапханасы).- (Қазақ прозасы қазынасынан). • Өз отыңды өшірме: роман.- Алматы: Өнер, 2010.- 384б.-(Қазақтың 100 романы). • Атау-кере (Кауіпті будан) .Мұзтау (Соңғы ертек): хикаяттар.-Алматы: Ан Арыс, 2010.-320б • Атау кере (эл.ресурстар): роман.-Алматы:Жазушы, 2005.- (Аудиокітап) • Қасқыр ұлыған түнде//Жас қазақ.-2011.-20 мамыр.-6б Шығармаларының аудармасы • Крик: Повести /Авториз. пер. с каз.-М.:Сов.писатель, 1984.-334с • Поезда идут мимо: Роман, повесть. Авториз. пер. с каз.-Алма-Ата:Жазушы, 1985.-400с • Поющие барханы: Повести /Авториз. пер. с каз.-М.:Сов.писатель, 1981.-343с • След молнии:Повести и рассказы /Авториз. пер. с каз.-М.:Мол.Гвардия, 1978.-320с • Снежная девушка (Нуржан): Повесть. Авториз. пер. с каз. А.Ким// Всадники: Сборник повестей казахских писателей - Алма-Ата:Жазушы, 1990-С.190-277 • Человек-Олень: Повести и рассказы //Авториз. пер. с. каз.-М.:Известия,1990.-511с

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Найман тайпасы Көкжарлы Қаратай руынан шыққан. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен. Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды. 1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды. Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді. 1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды. Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтыс болды.

Нұрсұлтанқызы , Ж. Оралхан Бөкей шығармаларындағы бейвербалды омонимдер [Мәтін] / Ж. Нұрсұлтанқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2007.

Омарұлы, Б. Тоқалар мен тұяқтар [Мәтін] : (Оралханға оралу немесе әлеуметтік этюд) / Б. Омарұлы // Түркістан. - 2023. - 6 қазан. - № 40

Оралхан Бөкейдің күйігі мен биігі [Мәтін] / Ж. Ерман // Айқын. - 2018. - № 135. – 8 қыркүйек. – 8-9 б.

Құрманғали, Қ. Қазақ туралы жыр [Мәтін] : Оралхан ойға оралғанда / Қ. Құрманғали // Егемен Қазақстан. - 2013. - № 208. - 10 қыркүйек. - 5 б.

Кемелбаева, А. Оралхан Бөкей. "Қар қызы" Отүкен.журнал - 2013.

Жұртбай, Т. Етбауыр [Мәтін] / Т. Жұртбай // Жас Алаш. - 2022. - 4 қазан

Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай? Оралхан Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымалдылыққа ие болды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді. Әбіш Кекілбаев Оралханның прозасы өзінің терең өміршеңдігімен құнды. Ол – өз оқырманын ешқашан жоғалтып алмайтын шын бақытты жазушы. Айгүл Кемелбаева Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш-өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді. Қасым Қайсенов «Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде – бірі қаламдастар мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын». «Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер». Дулат Исабеков «Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш - өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді». Қасым Қайсенов «Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда, Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де болады». Серік Қирабаев «Оралхан – бар жанрда бағын сынап, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қайраткер қаламгер». «Оралханның сүйсіне сөз қылатын бір артықшылығы оның осы кезге дейін азын – аулақ шығармаларының бәрінде де табиғи сұлулыққа, жер, су, орман сұлулығына деген қамқорлық, қамқорлық қана емес – ау, шын құштарлық, перзенттік сүйіспеншілік сезіледі. Сондай ыстық леп, терең тыныстар еседі» Төлеген Тоқбергенов