Want to make interactive content? It’s easy in Genially!

Transcript

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

Абайдың сөзі– қазақтың бойтұмары. ... Абай– біздің ұлттық ұранымыз болуы керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпағыма Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.... Құнанбай Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Сол көксеген мұратына жетіп, барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат Адамзат Ардағы, Адамзат Ақыны, Адамзат Ақылманы болып көтеріліп отыр.

Н.Ә.Назарбаев

МАҚАЛАЛАРЫ

КІТАПТАРЫ

САЯСАТКЕР АБАЙ

ЖАЗҒАН ХАТЫ

ҚАРА СӨЗДЕРІ

ОЙ-ПІКІРЛЕР

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАР

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

ОТБАСЫ

ӨМІРБАЯНЫ

ӨСКЕН ОРТАСЫ

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты. Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді. Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады: ...Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып. Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқан айналасы. Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы. Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор. Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды. Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді. Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.

ӨМІРБАЯНЫ

Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған. Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды. Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады. Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды. Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады. Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар. Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді. Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған. Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды. *** Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай. Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайға бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

ӨМІРБАЯНЫ

Абай бала кезінде ширақ, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Маралбай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында әуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабитханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О.Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ақ, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі ақындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, кәрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмытылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калыптасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жағанан А.С.Пушкин, А.И.Герцен, М.Е.Салтыков-Щедрин, Н.А.Некрасов, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, Ф.М.Достоевский, И.С.Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жұмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартысқа түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875-78 жж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ел қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ұстауға күш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А.А.Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі".

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Абайдың өмір баяны Мұхтар мақаласында өзгелердікіне қарағанда, толығырақ жазылған. Мұхтар Абайдың арғы атасы Ырғызбай, онан бергі Өскенбай, өз әкесі Құанабай – осылардың өмірінен де едәуір мағлұмат береді. Абайдың өмірін осылай әріден бастап, ата заманымен байланыстыра, бергі балалық, жігіттік, онан соңғы ел адамы – Тобықтының биі болған заманынан да көп мағлұмат береді. Абай өмірі туралы бұрын-соңды жазылған мақалалардың ішіндегі көлемдісі, тарихи мағлұмат, фактілердің көбі де осы Мұхтар мақаласы. Мұхтар мақаласы, әсіресе, Абайдың ата тегін, өскен ортасын, алған тәрбиесін, Абайдың ел ісінде билік құрып, ел ақсақалы, болыс, би болған жөнінде тарихшылдарға көп қызықты, керекті материал береді. Қазақстан баспасынан Мұхтар мақаласын қысқартпай, түгел басуының да үлкен бір себебі осы болуы керек. Алайда, осы толық жазылды деген Мұхтар мақаласында да Абайдың өмір баяны әлі толық емес. Әсіресе, өз қолынан қалған, өз жазбасы сақталған документттер, тарихи материалдар жоқ. Абай – өз өмірінде, өз әлінше көп жазған кісі. Соларынан әлі күнге еш бір нұсқа жоқ. Абайдың өлеңдерінен де ешбір қол жазбасы қалмауы Абай өлеңінің дұрыстығына, түгелдігіне де үлкен дақ салуы мүмкін. Абай өмірін жазушылардың айтуына қарағанда, Абай кез-келген жағдайда өлеңін жазып тастай берген. Жинаушысы, көшірушісі, басқалар болған. Абайдың осылай түрлі жылдарда жазылған өлеңдері әркімнің қолында, аузында бытырап жүрген. Абай өлеңдерінің бірінші жинағы, 1909 жылы ғана басылды. 20-25 жылдай Абай өлеңдері қолдан қолға көшіріліп, ауызша айтылып қана жүрген. Осы жылдардың ішінде Абай жазғаны түгел сақталды, түгел жазылды деп ойлау қиын-ақ. Бірден бірге көшіріліп жүргенде, ауызша айтылып жүргенде, азды көпті өзгермеді, өзгертілмеді деу де қиын. Мұхтар әдейілеп Абай жазғандарын жинағанда, осы жағын да ескеруі керек еді. Абай жазғандарының осы жағына тиісті мағлұматтарды да жинап, оқушыларға таныстыруы керек еді. Онан соң, Мұхтар мақаласындағы тағы бір кемшілік – Абайдың басқаға жазғандары, не Абайға жазған хаттар жайында түк мағлұмат жоқ. Әлихан мақаласында да, Мұхтардың өз мақаласында да (басқалардыкінен де) Абайдың орыстың халықшылдарымен (народниктерімен) таныс болғанын, хат жазып тұрғанын, Абайға келіп үш-төрт айлап қонақ болып жатқандарын көп айтады. Бірақ, осы жайында да түк дерек жоқ. Не хат нұсқаларынан дәнеме жоқ, не көрген-білген адамдардың сөздері жоқ. Абаймен жақындасқан орыс халықшылдарының Абай туралы не өлген соң, не тірі күнінде жазған ештеңелері жоқ па екен? Не хат есебінде, не мақала, әңгіме есебінде Абай жөнінде жазғандары бар шығар! Бізге Абайдың өмір баянында әлі күнге дейін осы жағы да қараңғы жатыр. Үшінші, Мұхтардың Семейдегі Абай туралы бар архифтарды (губернатор, начальник, съзед материалдарын) қарамауы да Абайдың өмірін толық білуге кемдік қылмай қоймады. Зерттеген кісіге бұл жағынан да Абай өмірбаянын толықтыруға материал табылар еді. Абай өміріне тиісті материалдарды түгел жинау жөнінде Мұхтар мақаласында да осы сықылды кемшіліктері бар. Абайдың өмірбаянымен бұдан былай шұғылданған әдебиетшілеріміз осы кемшіліктерді ескерулері керек. Мүмкін болса, осы жағын да толықтыруға тырысу керек. Ал, Мұхтардың Абайға берген сынына келсек, бұл жағында Мұхтар сыны – шала сын, дұрыстығынан бұрыстығы көп сын. Ілияс Мұхтардың негізді қателерін өз мақаласында ашып айтқан. Шынында, Мұхтардың Абайға берген бағасы марксшілдар сынына қабыспайды. Мұхтар Абайды ұлтшылдар, басшылдар көзімен көреді. Сынағандағы қолданатын әдісі — идеалистердің әдісі. Мұхтар ойынша, ақынды заманы мен өскен ортасы, шыққан табымен байланыстыра отырып сынағанда, Абайды ұғуға болмайтын сықылды. Мұндай пікірде отырған кісі, әрине, Абайды сынай алмайды, Абайдың қазақ әдебиетіндегі тарихи маңызын, орнын да біле алмайды. Кейін реті келген жерде Мұхтардың жаңа, басқа қазақ ұлтшылдарының Абай жөніндегі теріс пікірлеріне тоқталмақпыз, әзірге біз тек Абайдың өмірбаянын өзгеден толық жазған Мұхтардың негізді пікірі, әдісінің қателігін ғана ескертіп отырмыз. Жоғарыда Мұхтар мақаласында Абайдың арғы атасы, ата-тегі жайында көп мағлұмат бар дедік. Бірақ, Мұхтар сол өзінің жазып отырған фактілерін де дұрыс пайдалана алмаған. Толық пәктілерден сұйық қорытынды шығарады, кейде тіпті өзіне өзі қарсы шығады. Мәселен, Мұхтар мақаласында Өскенбай, Құнанбайларға баға береді, сонда Өскенбайды «ел ортасына қадірлі, сыйлы болуы, мінез қасиетінің тәуірлігінен болса керек. Мінезі кекшіл емес, көп тілегін тілегіш кең болғанға ұқсайды… Өскенбайдың елге мәлім мінезі жоғарыдағы айтылғандай адал, әділ, кең болғандықтан, Өскенбай жалғыз өз еліне ғана қадірлі болмай, маңайдағы көрші елдерге де қадірлі болғанға ұқсайды» (332-333-беттерде). Қысқасы, Мұхтардың дәттеуінше Өскенбай би адал, әділ, көп тілегін тілегіш болған?! Жаңа, осы мақаласында Мұхтар Өскенбайдың Мәмбетай деген кісінің қызының мұрнын кесіп алғанын, Кеңгірбайдан бата алып, Тобықтының дуанға білікті биі болғанын айтады. Мұхтардың қай сөзін ұстаймыз? Өскенбайды адал, әділ, кең, көпшіл болды дейміз бе, жоқ, не Тобықтының ел жеген жуан биінің бірі болды дейміз бе?

ӨСКЕН ОРТАСЫ

Мұхтар Өскенбайды мақтайды, адалдығын көп айтады. Бірақ, Өскенбайдың әділдігіне, адалдығына біздің шәгіміз бар. Ауылға келген қонақтың мұрнын бейкүнә кесіп жүрген Өскенбайдан артықша адалдықты күтуге болмаса керек. Өскенбай – кәдімгі ел ісіндегі мықты рудың мықты биі. Елді адалдығымен қаратқан жоқ, байлығымен, жұдырығымен қаратты. Мәмбеттің мұрнын кескені Өскенбайдың қандай би екенін анық көрсетеді. Мұхтарға мұнысын ақтаймын деп әлектенудің тіпті еш бір орны жоқ. Мұхтар Құнанбайға да ауылдың байларынша баға береді. Құнанбай бір мінезді, асқан ақынды, сопы-діндар, кедейге тегін ат-киім үлестіріпті?! Осы да сын болып па? Құнанбайды білмейтін қазақ аз. Қазақ даласы Құнанбайдың мықтылығын, жуандылығын біледі. Құнанбайдың зорлық-зомбылығын біледі. Мұхтардың өзі де жазады — Құнанбай «жігітектер ішіне көп кісімен аттанып келіп, Бөжейді бастық қылып, барлық ірі кісілерін ұстатып, байлатып алып тегіс дүре салғызады» (338-бет) . «Құнанбай насыбай атқан кісілердің танауын тілдіруші еді… Сыбан ішінде Барақ деген төреге бір жиында насбайды тастасайшы дегенде, ол «менің насыбайымды көргенше, еліңдегі келінімен жүрген Қодарды көрсейші» депті. Сонымен Құнанбай еліне қайтқанда, Тобықтының басшысы кісілерін жинап алып, борсақ ішіндегі Қодырды келінімен алғызып, «шариғат жөнімен үкім қыламын» деп мойындарынан қосақтап түйеге асып өлтіріпті» (337-бет). Осындай араны ашылған үкімі шектен тыс болған феодал Құнанбайдың кедейшіл, «сопы» болғанына да біз шектенеміз?! Құнанбай сықылды елді бір шыбықпен айдаған, ұнамаған адамын тірілей жалмаған, жуандығы айуандыққа айналған қазақтың феодалы кедейлерге тегін ат, киім үлестірді деу - бұл әншейін ертегі әңгіме. Ешбір шындығы жоқ әңгіме. Мұхтардың Абай жайында жазған мақаласында айырықша бір көзге түсетін мінезі - “ертегілерге” көп көңіл бөледі. Көп қорытындыларын «ертегі сөздерге» сүйеніп жасайды… Абайдың ата-тегін, өскен ортасын анықтағанда бізге – тобықтының билері, байлары жайындағы өздерінің қолдан жасаған ертегі әңгімелері, өтірік, мақтандылары керек емес, мұндай мағлұматтармен тарих жасауға, тарихи адамдарды ұғуға болмайды. Бізге керегі солардың шаруасы, шаруасындағы өндіріс қатынасы, ел билеудегі істеген істері, таптық тілектері, алған тәрбиесі, білігі – міне, осы сықылды әлеуметтік, таптық бетін көрсететін мағлұматтар керек. Бізге белгілі мағлұматтарға қарағанда, Абайдың арғы аталары Ырғызбай, Өскенбай, бергі өз әкесі Құнанбай — бәрі де аты шулы, өз заманында тобықтының ішінде алдына адам салмаған, мықтылығы, жуандығы тобықтыдан асып дуанға жайылған феолдар еді. Қуанышбайдың: Малды алды, жеріңді, кісіңді алды Құнекем билемеген не ісің қалды? Сасқан соң ұл да бердің, құл да бердің, Қай жерден қарсыласар күшің қалды? Тартуға талай найман берді қызды, Көгендеп теңтегіңді қойдай тізді, - дегені Құнанбайға жапқан жала емес еді, Құанбайдың осындай істегеніне мастанған Құнабайшыл ақынның шыны еді. Барды жырлағаны еді. Абайдың ата-тегін, өскен ортасын, алған тәрбиесін білеміз дегенде, Өскенбай, Құанабайлардың алдымен феодалдығына байланысты сипаттарын ашуды керек қылады. Бұларды өз тұсындағы қазақ еліне сіңірген еңбегінің пайда, зиянын айыруды керек қылады. Міне, бұл жағы Мұхтар мақаласында тым аз, не екі ұшты болып, жұқалап қана айтылады. Абайдың әкесі Құнанбай, Құнанбай әкесі Өскенбайлар қазақтың қандай байлары еді? Бұлардың екеуі де қазақтың қарадан қандыққа таласқан, орыс патшасының қазақ даласын отарлауда ең сенімді сүйеніші болған байлар. Құнанбайдың қарадан аға сұлтан болуы, шапқан елінің «ұлын да, құлын да» айдап алуы, өзіне қарсыласқан тентектерді қойдай тізіп, көгендеуі тегіндіктен біткен мықтылық емес. Осының бәрі, бір жағынан, Құнанбайдың бұрынғы Кеңгірбай, Ырғызбай, Өскембайлардан бері үзілмей келе жатқан ата жуандығынан болса, екінші жақтан, бұған патша үкіметінің жуандығы қосылып еді. Патша үкіметі қазақ даласын тезірек меңгеріп алуы үшін, Құнанбай сықылды ру басындағы аталы жуандарды өзіне жақын тартты. Шен, шекпен берді. Бұрынғы ақсүйектермен теңеді. Қазақ тұсында ру жуандары бұрын хандыққа сайлана алмаса, сұлтан бола алмаса, енді орыс патшасы Құнанбай, Мұса сықылды жуандарды сұлтан қылды, «қарадан қан» жасады. Қазақ халқының орыс патшасымен күресінде мұндай байлар қазақ арасында орыс патшасының қол шоқпары болды. Орыс әскеріне қосылып алып елді «тыюшы»-қырушы болды.

ӨСКЕН ОРТАСЫ

Ілияс мақаласының бір жерінде — Абай тұсында «қазақтың төресі де, төбесі де өзгерді» дейді. Бұл сөзді Ілияс қазақтың ескі, аталы байының орнына ақшалы, жаңа бай келді, осылар ел билігін қолына алды деген мағынада айтқысы келеді. Бұл дұрыс емес әсересе, Абай тұқымы жайында дұрыс емес. Абай тұқымы – уызы арылмаған «жеті атасыан бері» қазақ даласында ел билеп келе жатқан аталы жуандар. Кеңгірбай орта, ұлы жүзге орыс патшасының әмірі толық тарай қоймаған кезде, елде ескі бай болып қана тобықтыны билесе, бертін орыс патшасы қазақ даласын түгел бағындырғанда да сол ескі байдың тұқымы Өскенбай, Құнанбайлар тағы биледі. Кеңгірбайлар аталығына, жуандығына, малдылығына сүйеніп елге би болса, бертінгі Құнанбайлар да соған сүйенеді. Құнанбай да аталығына, ежелден біткен жуандығына, малдылығына сенді. Бұл жағынан қарағанда, Құнанбайдың Кеңгірбайдан түк айырмасы жоқ. Кеңгірбай қандай аталы феодал болса Құнанбай да сондай болды. Бар айырма — бұрын Кеңгірбайдың аталары ру феолдары ханға бағынса, сонын сүйеніші болса, енді Құнанбайлар орыс патшасына бағынды, соынын сүйеніші болды. Тап көзімен қарағанда, ондай айырмашылықтың еш бір маңызы жоқ. Қазақтың ру ішіндегі бұрынғы билеп-төстеп келген ескі байлары патша тұсында да биліктен түскен жоқ. Қайта елге үкімін, әмірін бұрынғыдан да күшейтті. Құнанбай қазақ арасында осындай бай еді. Жаңа, ана-мынау бай емес. Байлығымен зорлық-зомбылығымен жұрт аузына іліккен, даңқы жер жарған, аты шулы Құнанбай еді. Құнанбайдың істемегені жоқ. Қазақ феодалдығының нағыз жексұрын, айуандық жағын іздесең, бәрін де осы Құнанбайдан табасың. Мұхтар Құнанбайдың ақылдылығын көп айта береді. Әрине, Құананбай ақылды болған. Ақылсыз болса, бай да болмас еді. Әсересе, ел билей алмас еді. Әңгіме мұнда емес қой. Бізге бүгін Құнанбайдың ақылдылығын зерттеп білу керек емес, бұған зерттеудің де керегі жоқ. Бізге керегі — Құнанбайдың таптық беті, қандай жағдайда қандай жұмыс істеді, қандай із қалдырды, міне, осы жағы керек. Бұл жағынан қарағанда, Құнанбайлар қазақ жұртшылығының жауы еді, қазақты орыс патшасынан құтылуға емес, тұтылуға, орыс патшасының құлдығына, талан-таражына түсіруге себепші, көмекші болғандар еді. Құнанбайлар шен, шекпенге, параға ауызданып, патшаның мықтылығына ежелгіден келе жатқан өзінің ата жуандылығын, ескі феодалдығын қосты. Мұны олар бақыт, жақсылық деп ұғындырды. Осылар бастаған қазақтың байшыл жұртшылығы да осылай ұқты. Қуанышбай сықылды тілі өткір барды көргіш, сөз тапқыш ақындар Құнанбайдың жыршысы — “агитпропы” болды. 1845 жылы Абай (Ыбрай) туды. Абайдың ұяда көргені Құнанбай болды. «Ұша» көргені жаңа Құнанбай болды. Абайды бала жасынан Құнанбай қасына алды, жанына ертіп жүріп, өз үлесін берді. Баланы жасынан арамдыққа, зорлыққа, қулыққа баулыды. Құнанбайдың басқа үлгісі жоқ. Басқаны одан күтуге де болмайды. Абай ұяда нені көрсе, ұшқанда соны ілді. Жұрт аузында жүрген әкесі оған арман болды, қайта, мықтылығымды, жуандығымды әкемнен де асырам деген талапта болды. Абайдың 35-40 жасына дейін өлеңмен шұғылданбай, қалса Тобықтының, асса бір дуанның жуаны болып, ата жолын қуғанының түп тамыры Абайдың осы өскен ортасында, шыққан тегінде жатыр. Мұнадай ортадан шыққан байдан, туғанынан бар өмірін (бала кезіндегі бір-екі жылы болмаса) қазақтың қараңғы ауылында, аюандығы асқан Құнанбайдың бауырында өскен Абайдан басқаны күту де қиын. Абайдың балалық, жігіттік кезіндегі үлгісі Құнанбай болғандықтан, оның болыстыққа, билікке ұмтылғаны табиғи нәрсе. Анадан ешкім де данышпан болып тумайды. Жүре, көре, өсе біледі. Абайдың көрген, білген тұрмысы болыстыққа, билікке тартты. Абайдың тұсындағы үстем жұртшылықтың Абайдан күткені өзі мен тұстас «жақсылардан», билерден мықтылығы, ақылды, білімді, шешендігі артса, орыс төресіне жақын болса, оның тіліне, заңына өзгеден жақсы түсінесе, қысқасы, осылай ата жуандығына орыстың законшілдігін қосса –міне, Құнанбай жұртшылдығының Абайдан тілегені осы ғана еді. Абай осы жұртшылықтың тілегінде өсті. Көпке дейін осы жұртшылыққа «құл» болды -айтқанына ерді, ата жолын қуды. Жоғарыда Абайдың заманын сөз қылғанда, біз XIX ғасырдың аяғында қазақтың феодал байлары капиталшылыққа бет бұрды, жаңа заман ыңғайына түсе бастады деп едік. Сол байдың бірі — Абай. Абай, бір жағынан, елдің партиясына араласып, інілері болыстыққа ие болып, өзі билікте жүрсе, екінші жағынан, бұлар орыс қаласымен араласты. Өзгеден бұрын орыстың мәдениетін, базарын, төресін, білікті адамдарын көрді. Қазақ даласына «жаңалықты» да осылар бастап кіргізе бастады. Құнанбайдың балаларын медреседе оқытуы Қарқаралыда мешіт салдыруы қазақ даласындағы «жаңалықтың» белгілері еді. Бертін, Абай заманында бұл «жаңалықтар» елге тіпті көбірек тарай бастады. Абай Құнанбайдан да озды. Құнанбай көбінесе аталығына, жұдырығына, ежелдегі байлық-мықтылығына сенсе, Абай бұлардың үстіне законшілдігін, білімділігін қосты. Құнанбай көбінесе ескі заманның ғана жол-жорасын білсе, Абай жаңа заманнның да законін білді. Сондықтан Абай ат үстінде жүрген, билік құрған кезінде-ақ Құнанбай сықылды ескі байдың салтымен ғана болмай, заман ыңғайына түсіп, жаңара-өзгере бастады. Абайдың ақындыққа көшкен кездегі өзгерісі жаңалығы осы би болып жүрген кезде-ақ басталып еді. Абай тұсында законге өзге байлар да (бай, болыстық) қол созды, жаңарғысы келді. Бірақ солардың ішінде үздік шыққаны, артық білгені Абай еді. Абай, бір жағынан, естіп, тоқып білсе, екінші жақтан, (жас күніндегі екі-үш жыл оқығаны бар) оқып, ізденіп білді. Абайдың отыздың ішінен бастап Еуропа оқымыстыларының көп кітаптарын оқып, қырыққа таман келген уақытта бұрынғы дүниенің асты-үстіне шығып өзгеріп. «Күн шығысым күн батыс, күн батысым күн шығыс болып кетті» дегені жаны бар сөз. Шынында Абайдың пікір өзгерісі, кейінгі жаңалықтары бір күнде болған жоқ. Абайдың өз айтуына қарағанда да 10 жылға созылған. Біз онан да әрі, ертеректе басталды дейміз. Абай әкесі Құнанбайға жігіт күнінде: «Заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білмесең, алысқа шығудан мағына жоқ. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен елінен үлгі алу керек», — деді. Міне, Абай осы кезде-ақ орыс орыс заңына қол соза бастап еді. Қысқасы, Абайдың болыс, би күнінде-ақ «жаңара» бастағаны көзге көрінген еді. Бертін келе Абай парсы, араб, орыс әдебиетін оқуды көбейтеді. Бұран анда-санда бір оқысыа, енді жиі оқи бастайды. Абай өстіп жүргенде орыс халықшылдарымен танысады. Қаламен байланысы, қатынасы бұрынғыдан да күшейеді. Абайдың бұрынғыдан білімі толысады. Бұрын да ел адамының алды-басы болып жүрген Абай енді тіпті үздік, жеке дара болып шығады. Қазақтың надан байлары, болыс, билері Абай кезінде тіпті кішірейеді. Осылардан дара шыққан Абай түрлі ойға түседі, заманын талғап-талғауға, жырлауға кіріседі. Тоғжанов Ғ. Абай. – Казан, 1935. - 29-38-беттер.

ӨСКЕН ОРТАСЫ

Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия мен Райхан, екінші әйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл мен Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Ал келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ. Абай ғылым іздеуді өз басына ғана алмай, балаларын да барынша оқытуға тырысқан. Ең көп оқыған офицер баласы – Әбдірахман. 90-шы жылдары ол құрт ауруынан қайтыс болды. Оның артынан сүйеніші болып жүрген мықты інісі Оспан өледі. Осы екі өлім Абайға бас қайғысының ішіндегі үлкен қаза болып тиеді. Сол жылдары бас қайғысымен қатар Абай өзінің дос деген адамдарының қиянатын, алдауын, өтірігін де көреді. Бір сайлауда өзінің інісін болыстыққа сайлаймын деп келгенде бұрын ешбір сыр бермейтін достары бір-ақ түнде жат болып шыға келеді. Оның інісін құлатып, өз кісілерін сайлап кетеді. Онымен қоймай, Тобықты ішінде бұрыннан онымен сілкісіп келген басшы жауы Оразбай бір сайлауда Абайды өз кісілеріне сабатып та алады. Осы іспетті соққылармен күресіп келе жатқанда ең жақсы көрген баласы Мағауия өледі. Абай ешкіммен сөйлеспей, үндемей қалады. Ал 1904 жылы 23 маусымда Мағауияның өлімінен кейін тура 40 күн өткен соң өзі де қайтыс болады. Бір жарым айдан кейін Абайдың ақын баласы Ақылбай Семейде дүние салады. Абайдың бірінші жары – ДілдәАбай бірінші жұбайы Ділдәға 15 жасында үйленген. Неке жастардың әкелерінің келісімімен қиылыпты. Ділдә да Абай сияқты текті отбасынан шыққан. Ол Қазыбек бидің ұрпағы, арғын руының биі Алшынбайдың туған немересі. Абайдың Ділдәдан туған балалары жайлы мынадай деректер берілген: Тұңғышы Ақылбай 1861 жылы туған. Ақылбайдан Әлімқұл, Әубәкір, Исраил атты үш ұл, Сағдат, Пакизат, Рухия есімді үш қыз болған. Екінші баласы – Әкімбай, ол жеті жасында дүниеден өткен. Үшінші баласы Әбдірахман (Әбіш) 1869 – 1895 жылдары өмір сүрген, соңғы бітірген оқу орны – Петербургтағы Михайловский Артиллерия училлищесі. Ол Верныйда (Алматы) қызмет істеп жүріп, 26 жасында аурудан қайтыс болған. Әбіштен Рахила атты жалғыз қыз қалған. Абайдың төртінші баласы Мағауия 1870 – 1904 жылдары өмір сүрген. Оның балалары – Уалиса, Құтайба, Бабр, Жағыпар және Кәмила. Бесінші баласы Гүлбадан 1872-1932 жылдары өмір сүрді. Алтыншы баласы Райхан, 1871 жылы туылса керек, 1896 жылдары қайтыс болған. Абайдың екінші жары – Әйгерім Ақынның екінші жары – Әйгерім. Оның шын есімі – Шүкіман. Ал оған Әйгерім деген есімді Абайдың өзі қойған. Шүкіманның сұлу болғаны соншалық, ақын оны "Әй керім" деп атап кеткен екен. Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды. "Абай және Әйгерім" мақаласында ұлы Абайдың екінші жарымен қалай танысқаны туралы былай жазылған: 1875 жылы отыз жасқа енді ілінген Абай Мұқыр болысына болыстық қызметке сайлаусыз тағайындалған еді. Екінші әйелі Әйгерімді сол қарсаңда кездестіріпті. Абай досы Ербол екеуі Ақшоқыдан 25 шақырымдай жердегі Орда тауында аң аулап жүріп, оның "Шілікті кезең", жас шыбықтар қалың өскен тұсты "шілік" дейді, аталатын бөктерін қыстайтын руы мамай Бекей деген адамның аулына келіп қонады. Отыз жастағы жігіт Абай табиғи әдемі дауысы бар, "кең маңдайлы, нұр жайнаған қара көзді" Бекейдің сұлу қызына "бой ұрмай тұра алмайды". Үйіне келгеннен кейін де гүл жайнаған сол қыз көз алдынан кетпей қояды. Абай Әйгерімге қалай үйленді? Абай қыз ауылынан бес шақырым жердегі Бекейдің жамағайыны Мұсаның ауылына барып, жағдайды айтып ақыл-кеңесін сұрайды. Сонда Мұса: – Абай, сен неге қысыласың, атаң Өскенбайдың бес әйелі болған, әкең Құнанбайдың төрт әйелі бар. Сол қызды ұнатсаң мен ертең әйелімді қосып беріп, ауылыңа апарғызып берейін. Қыздың қайыны берген малын алар, ел бүлінерлік түк жоқ, - дейді. Шешім осы болып, Абай екінші рет отау көтерген. Ұлы Абай Әйгерімге 30 жасында үйленіпті, олардың жас айырмашылығы 11 жасты құраған. Әйгерім ақынның ең сүйікті жары болған екен. Ал Абай өз сүйіктісін кездестірген жердегі бұлаққа қыздың есімі берілген. Әйгерім де текті отбасынан шыққан қыз, ол ұлт батыры, қазақтарды жоңғарлардан қорғаған Мамай батырдың тікелей ұрпағы. Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған балалары: Тұрағұл (Тұраш) (1875 – 1934 ). Абай балалары арасында біраз өмір сүргені осы кісі. Тұрағұлдың Ақылия (Ақыш), Жәбірейіл, Зүбәйір және Мәкен (қыз) деген балалары болған. Екінші баласы Микайлдан (Мекеш) Құзайыр, Әлішер (Қылкен) деген балалар туған. Үшінші баласы Ізкайыл, оның Тоқташ атты баласы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болған. Төртінші баласы Кенже (қыз). Абайдың үшінші жары – Еркежан Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Ол бастапқыда Абайдың інісі Оспанның әйелі болған. 1892 жылы Оспан қайтыс болғаннан кейін Еркежан әмеңгерлікпен Абайдың үшінші жары болып, ақын өмірінің соңғы 11 жылында Жидебайда бірге тұрған. Абай мен Еркежан екеуінің ортақ балалары болмаған. Ал екі жұбайы 10 баланы өмірге әкеліп, олардан 19 немере мен 13 шөбере тараған. Олардың тоғызы Ұлы Отан соғысына қатысып, тек екеуі туған жеріне оралыпты.

ОТБАСЫ - ОШАҚ ҚАСЫ

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей". Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсін. көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда. Абай аскан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүн шілде болғанда". "Желсіз түнде жарык, ай". "Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлеңдерге назар салсақ.Абайдың өмір кұбылыстары сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден қоямыз.. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен елде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сыкақшыл. өткір мысқылға шебер ақын осындай-ақ болар десек. "Мәз болады болысың" атты өлеңді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нәзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлендердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұсқалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" окығанда мұнда терең сыршылдық. ғиратты насихатшылыдқ, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті, жаңа ырғакты, үйлесімді өлең үлгілерін енгізді, ақындық тілдің образдылық-бейнелеу, стилистикалык мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың ақындық тілін әдеби тілін ұстартып жетілдірді, әдеби тілді биік жаңа сапаға көтеріп, жаңа үлгіле калыптастырды. А.С. Пушкин. М.Ю. Лермонтов. т.б. ақындардың шығармаларын шеберлікпен аударып, қазақ әдебиетін жаңа ой орамымен байытты. Пушкиннің "Евгений Онегинінен" бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, "Татьянаның хаты", "Ленскийдің сөзі" атты өлеңдерін шығарды. Лермонтовтың "Ой", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Теректің сыйы", "Асау той, тентек жиын, опыр-топыр", "Жартас", "Өзіңе сенбе, жас ойшыл", "Альбомға" өлеңдерін казақтың төл туындысынша сөйлетті. Бұл шығармалар Абайдың ой көрігнде кайта қорытылып жаңадан дүниеге келген туындылар еді. Мыс., Абайдың Лермонтов мәтінін казақша жеткізу әдістері әр түрлі.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Ал қалған жартысы еркін аудармалар. Мыс., "Ой", "Теректің сыйы" сияқты елеңдер. Абай жеке сөздерді, сөйлемдерді аударғанда алшақ кеткен тұстары бар дегеңде, көбірек айтылатыны өлеңнің алғашқы шумағындағы: "Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып", - деп келетін тармақтар. Бірақ осындағы "айдаһардай бүктеліп" дегенін еркіндікке жатқызсақ та, "арыстанның жалындай" дегені Лермонтовтың баска бір шығармасындағы: "И Терек, прыгая как львица, Абайдың замандастары - Дүтбай Уандыкұлы, Ысқақ. Солтабайүлы және інісі Оспан Құнанбайұлы аударманың түп нұсқаға жақындық. дәрежесі ылғи бірдей емес. Бара-бар, дәлме-дәл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі әлемін, оның толқын лебізін, жаңа саласын казақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізеді. Барлық жарастық сәнімен казақ тілінде қайтадан туғызады. Солардың катарына "Альбомға", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз" сияқгы өлеңдерін жатқызуға болады. "С косматой гривой на хребте,"- деп келетін сөздермен үндес екені байкалады. Және жал арыстанда ғана болатынын Абай дұрыс ескерген ("львица" деп жаңылыс айтылған ғой). Абайдың аударма жасауға тереңдікпен, шеберлікпен, жауапкершілікпен келгенін байқайсыз. Абай аудармалары казақ поэзиясының өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табысы болды. Абай - мысал өлеңдердің де шебері. Қазак, халқының сол дәуірдегі өмірінің шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок, Абайдың мысал өлендері Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлендерді талдап танығанда мысалдың өзіндік жанрлық ерекшелігін ескеру қажет. Мысалдары толық мағанасындағы аударма емес, көбінесе, белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай мысалдарының тағы бір дені ауыз әдебиетінен бастау алып, әлем халықтары әдебиетіңде кеңінен тараған ежелгі танымал мотивтерден тұратындығы. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрін сақтай отырып, сол сюжетке мысал жазған ақындармен жарыска түскен: "Қарға мен түлкі" ( Эзоп, Федр, Бабрий, Крылов, Абай, Ыбырай, Әлихан, Ахмет, т.б.), "Құмырсқа мен шегіртке" (Эзоп, Федр, А. Құрманбаев, Абай, Әлихан, т.б.). Бұдан, Аарне және Томпсонның дүние жүзілік ертегілер каталогындағы сюжеттердің (сюжет ауысу теориясы) мысал жанрында әлем жазушыларының шығармаларында көрініс тапқанын байқап отырмыз. Абай мысалдары Крыловтан аударма емес, ортақ сюжетке жазылған төл шығармалар. Абай "Масғұт", "Ескендір", "Әзім" поэмаларын жазған. Олардың үшеуі де шығыс халқына ортақ сюжетке құрылған. Бұларға қоса, ол Лермонтовтың "Вадим" атты көлемді прозалық шығармасын және "Демон" поэмасын өлеңмен аударуға кіріскенін ескерсек, поэма жанрындағы акынның шығармашылық ізденістері аз болмағанын көреміз. Бұл екі аудармасы мен "Әзім" поэмасы бізге толық жетпегендікген, нақтылы байлам жасау қиын. Ал "Масғұт" пен "Ескендір" туралы айтсақ, олардың өзгешелігі, бұрынғы осы сюжетке жазылған поэма-дастандар ізін кумай, баскд калыпта жазылуы поэмаларға даралық сипат берген. Абай - әлемге көзкарасы калыптасқан, өзіндік философиялық түйіндері бар ғұлама. Ақынның рухани, даналық мұрасы терең мағыналы философиялық идеяларға толы. Ол күллі Шығыста филосфияның негізгі мәні болып табылатын "жетілген адамды" өзекті және басты проблема етіп қарастырып, соған айрықша көңіл бөлді. Адамгершілік туралы ілімді дамыта отырып, адамды адамгершілік, кісілік тұрғысынан жетілдіру принциптерін, ұлттық эстетика мәселелерін алға тартты. Адамның шексіз танымдық мүмкіндіктері жөнінде, білім мен ғылымның әлеуметтік рөлі туралы, адамтану мәселелерін көтерді. Даналықтың өлшемі бола білген философ-ақынның рухани мұрасы шын мәнісінде, казақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедця секілді. Абайды танып, белсенді игере отырып, сол кездегі казақ қоғамының экономикалық, саяси, кұкықтық, отбасылық, мәдени-тарихи, моральдық хал-жайынан айқын да толык мағлұматтар алуға болады. Ақын шығармалары сусындаған негізгі үш қайнар көзді айтатын болсақ, ол ең алдымен Абай қазақ елінің ұлтгық рухы мен менталитетін, оның көкейтесті арманы мен даналық ойларын абыздық көрегеңділікпен, өлеңмен өрнектеуді қазақ эпосынан үйренді. Сондай-ақ Абайдың жүйелі ойларының үлкен бір арнасының калыптасуына Шығыстың рухани қазынасының да ықпал-әсерінің аз болмағандығы сөзсіз. Өйткені ол күллі араб пен парсының батырлық дастаны мен жырларын, Шығыстың атағы жер жүзіне мәшһүр классик ақындарын, Әбу Жафар Мүхаммед ат-Табари, Рабғузи, Рашид әд-Дин, Бабыр Захиреддин Мұхаммед, Әбілғазы Баһадүр ханның тарихи еңбектерін, сондай-ак, логика ғылымының негіздері мен мұсылмандық құқық, Шығыстың шариғат кағидаларын ұғындыратын ғұламалар еңбектерін жетік меңгерген. Сол еңбектерді түпнүсқасында оқитын жан-жақты білімдар, ғұлама болған. Араб, парсы, түркі тілдеріндегі білім көздеріне Абай ерекше көңіл аударады. Айрықша қабілетінің аркасында, араб, парсы тілдерін өз бетімен жүйелі түрде оқып, игереді. Сөйтіп ол Ә. Бөкейханов айтқандай, қасиетті кітаптардың білімпазы атанады. Отырардан шықкан және Шығыстың екінші ұстазы атанған ғүлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби философиясы Абайдың дүниетанымын қалыптастырып дамытуда елеулі рөл аткарған. Ақынның шұрайлы филос. ойлары, негізінен, шығыс ойшылдары мен ақындарының кемел пікірлерін айрықша шеберлікпен игергендігін көрсетеді.Орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойы ақынның эстетик. көзқарасының қалыптасуына елеулі әсер етгі. Сондай-ақ басын сонау антикалық ежелгі заман мәдениетінен алатын Батыс Еуропа мәдениеті Абай дүниетанымының даму процесінде тарихи сабақтастық желісін атқарды. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін",Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Сол адамның эстетик., этик. талғамы, арман-мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі ұлы ойшылды терең тебіреніске түсірген. Шығыс ойшылы ретінде Абай адам проблемасын үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этик., эстетик. тұрғыдан зерделеді. Ол адам табиғатын этик. тұрғыда қарай отырып, "сегіз қырлы, бір сырлы" сырбаз адам, яки кемеліне жеткен, "толық адам" кейпінде алға тартады. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. Шындығында, Абайдың "жан сыры", "жан құмары", "жан куаты", "жанжарығы", "хауас", "хауас сәлим", "хауаси хамса", "хауаси хамса заһири", "толық адам", т.б. филос. ұғымтанымдар жөніндегі көзқарасы Ислам филос-сын терең танығанын байкатады. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" - деген пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері . Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен филос. сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз. Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді. Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы философиялық шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында"… адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір көлемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 1920-30 жылдарда ақынның идеялық мұрасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі буржуазиялық идеалистік философияның жамап-жасқаған біртүрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабдолов З. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928, 2 тамыз). Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М.О.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, І.Жансүгіров т.б. Абайдың ақындық мұрасын арнайы-социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына карамастан, - деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, 30 көкек). Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері. Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті. Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және философиялық озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған революционер демократтар идеясы ықпал етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының өткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстінде «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста карастыратынының» методологиялық маңызы аса зор. (Әуезов М. Әр жылдардағы ойлары.-Алматы, 1961, 148-149 6.) Өз заманының ғұламасы болған Абай көптеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, В.Г.Белинскийдің, А.И.Герценнің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс революционер-демократтарының озық ойы, оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Спенсер, Л.Фейербах еңбектерін оқыды: «...өзінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай мектептердің оқуынан өтіп алып, сөйтіп, бұларды өзінің творчестволық өңдеуінен өткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. А. , 1969, т.15 , 141-б.). Ол Ч.Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқанда И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүние-танымына сол кезеңде Семейде тұрған, саяси жер аударылған адамдармен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов т. б. демократтардың идеясында тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғатқа, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан. Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.

АБАЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ

Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

ОЙ-ПІКІРЛЕР

Мұхтар Әуезов

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынов

Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.

Зәки Ахметов

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, Адалдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге.

(Сұлтанмахмұт Торайғыров) эпиграф ретінде

Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін - Шекспир, грузиндер үшін - Руставели... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Қ. Кулиев

Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Ең жоғары, ардақты орын - Абайдікі.

Міржақып Дулатов

Абай тағдыр өз отанының бейуақыт заманына алып шыққан құйма алтын еді.

Әлихан Бөкейханов

ЖАЗҒАН ХАТЫ

ІНІСІ ХАЛИОЛЛАҒА ЖАЗҒАН ХАТЫ

Сізге гиззәтлу1 уә хурмәтлу2 ғазиз мукәррәм3 ініміз Халиулла мырзаға бізки ағаңыз Ибраһимден дұғай сәлем. Уә һәм барша ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көпден-көп дұғай сәлемлер йолдадық. Әлхәмду лиллә4, үшбу күнде сау-саламатлармыз, өзің көрген жандар һәммәсі5: уә кәнә6 бізге хат йазған Камалидден молдаға көпден-көп сәлем дегейсіз. Һәрине7 сізге дінқарындашлық туғрасындан қылған болышлықлары Алла ағаладан қайтсұн. Өзіңе хат йазарға уақыт тар болды. Аягөзге келген уақытта пошта йүрәрге тығызланған да екен, һәрне хатларны да көрдүк. Бижай діл қабылымыз олды. Уә қана йол қаржыға отұз теңге иібердік. Йәнә Семейге мағлұмланған8 уақытыңызда Құдай тағала қаласа ат тағайынлармыз. Тәтеңіз9 бек қуанып жатыр – фәрз ‘әйн10 үйренгеніңіз хусунында11, ілгері талап қылғанлығыңыздан. Һәрдайым Құдай Тағалаға сығынып жәһд12 қыла көрсүн дейді. Хатыңыз тиіші бірлә13 йешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп үшбу хатты йаздық. Һәрдайым тауфықлы14, абыройлы ғұмырыңызды тілеп, хат йазғушы ағаңыз Ибраһим Құнанбай оғлы дейу білесіз. Юнісден көп сәлем. 1866-ынчы жылында 8-інчі мартда. 1 Иззәт (арабша) – ұлылық, құрмет. 2 Хурмәт (арабша) – құрмет. 3 Мукәррәм (арабша) – сыпайы, сыйлы. 4 Әлхәмду лииләҺ (арабша) – Аллаға шүкір. 5 Һәме (парысша) – бәрі, барша. 6 Уә кәнә – және деген мағынада. 7 Һәрне (түркиеше) – әрбір, әрқашан. 8 Мә лум (арабша) – белгілі, мәлім. 9 Құнанбайға балаларының қойған аты. 10 Фәрз әйн (арабша) – міндетті парыз. Яғни, шариғат бойынша әрібір адамның өзі орындауы міндетті болған амал. 11 Хусус (арабша) – қатысты, сондықтан. 12 Жәһд (арабша) – талап, жігер. 13 Бәрлә (түркиеше) – шылау: мен менен, пен пенен. 14 Тәуфик (арабша) – жетістік, сәттілік.

ЖАЗҒАН ХАТЫ

БАЛАСЫ МАҒАУИЯҒА ЖАЗҒАН ХАТЫ

Дұғай сәлем Хурмәтлү уә мәрхәмәтлү Мағашқа жетіб мәлім болсын-ки, осы менен дұғай сәлем. Әлгі малды Бакеңнен айдатып жібер. Ақылбай бірге келсін. Мұндағы істер жақсы жүріп… Шаһкәрімге һәм сәлем айтыңдар. Ол да келсін. Ой жібертіп қарашы, Мағаш бала, Сан дегенің тоғыз-ақ бірден сана. Нөлді ерітпесе бұлар да қысыр еді, Единитса сыпат деп біл, тек ғана. Көп білгенге көп надан болады қас, Мәужуд1 пенен мансұхды2 ол айырмас. Бәйтерек те күндейді көлеңкесін, Байқап тұрсаң осы жұрт соған ұқсас. Үшбу сөзді зейін қойып оқы һәм солай істе, шырағым. Амандықта, ағайыныңыз Абай. 1Арабша [мәужуд] – бар болу, қолда бар. 2Арабша [мәнсух] – күші жойылған

САЯСАТКЕР АБАЙ

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған. Абай үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан - ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән", екіншісі - "Физули, Шөмси". Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған. Таби ғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айткан. "Адам өлмес" деп бірден кесіп айтқан ойын Абай төмендегідей жалғастырады: ..."Ол бірақ кайтып келіп ойнап-күлмес,"Мені" мен "менікінің" айрылғанын "Өлді" деп ат қойыпты өңкейбілмес". ... Дәл осы өлеңінде "мен" және "менікі" деген үғымдарды Абай ажыратып, дәлірек айқындамайды. Келесі шумақта: ... "Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып аяғын көп шалдырған," - дей келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай: "Өлді деуге сыя ма, ойландаршы,

МАҚАЛАЛАР

Жәнібек Ә. Өлшеусіз бақыт, өзгеше тағдыр: рух// Ortalyk Qazaqstan. 2019 -10 тамыз (№87). – 1 б.

Зарқын Т. Адамзаттың Абайы: Абай 175 жыл // Ortalyk Qazaqstan.2020 – 8 тамыз (№85). – 1,3 б.

Жәлел Ш. Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат ... :Ертең – Абай күні// Ortalyk Qazaqstan. 2022 – 9 тамыз(№87). – 1,4 б.

Жәнібек Ә. Өлсе өлер табиғат, адам өлмес. Айтпаса, Абайдың сөзі өледі..: Ертең – Ұлы Абайдың туған күні// Ortalyk Qazaqstan. 2018 - 9 тамыз (№87). – 1,4 б.

Жәлел Ш. Құнанбай бола аламыз ба? :Бүгін – Абай күні// Ortalyk Qazaqstan. 2021 – 10 тамыз(№87). – 1 б.