Want to make creations as awesome as this one?

Transcript

Т.Әлімқұловқа арналған виртуалды көрме

БОЛМЫСЫ КЕҢ ДАЛАДАЙ БАЙТАҚ ЖАН

ФОТОСУРЕТТЕРІ

Статьи

ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ

Т.ӘЛІМҚҰЛОВ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

ӨЛЕҢДЕРІ

КІТАПТАРЫ

ӨМІРБАЯНЫ

Тәкен Әлімқұлов (Тәңірберген) (22.11.1918, Созақ ауданы, Бабата ауылы – 13.4.1987, Алматы) – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы. Төлеңгіт руынан шыққан. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 – 1945 жылдары Шымкент қорғасын зауытында, Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысты. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде 1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары шықты. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты зерттеу еңбегін жазды. «Өткен мен қазіргі» (1958), «Көк қаршыға» (1972), «Бар өмір алда» (1974), «Сырлы наз» (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. М.Ю. Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын (1951), П.Павленконың«Бақыт» (1950), Г.Николаеваның «Орақ үстінде» (1952) романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің, Г.Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Халықтар достығы орденімен марапатталған. Тәкен Әлімқұлов Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген (1953). 1936 - 41 жылдары Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеи жүріп, мақалалар жаза бастаған. 1941 - 45 жылдары Донецк облысында жұмыс істеген. 1945 - 49 жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жауапты хатшы,"Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінде бөлім меңгерушісі. 1956 - 74 жылдары КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1974 жылдан шығармашылық жұмыста болған. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастаған. Алғашкы өлеңдер жинағы "Сапар" 1950 жылы жарық көрген. "Өткен мен қазіргі" (1958), "Ақбоз ат" (1968), "Көк қаршыға" (1972), "Бар өмір алда" (1974), "Сырлы наз" (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрген. Орыс қаламгерлері М.Ю.Лермонтовтың "Измаил бей" поэмасын (1951), П.Павленконың "Бақыт" (1950), Г.Николаеваның "Орақ үстінде" (1952) романдарын, француз жазушысы Э.Сент-Экзюперидің "Кішкентай шаһизада" ертегісін, сондай -ақ орыс ақындары А.С. Пушкиннің, В.В.Маяковскийдің, Әзірбайжан ақын Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. "Халықтар достығы" орденімен марапатталған(1978).

Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастаған. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» деген атпен 1950 жылы жарық көрген.

Қаламгердің «Жазғы жаңбыр», «Қаратау өрнектері» өлеңдер мен поэмалары, «Сейтек сарыны», «Туған ауылда», «Күрең өзен», «Кертолғау», «Шежірелі сахара», «Көкек айы» әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақбоз ат», «Тұлпардың тағдыры», «Ел мен жер», «Замана екпіні» романдары шыққан. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» зерттеу еңбегін жарыққа шығарған. Көркем аударма саласында М.Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын, П.Павленконың «Бақыт», Г.Николаеваның «Орақ үстінде» романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.Пушкиннің, В.Маяковскийдің, Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған.

Әлімқұлов Тәкен. Көп томдық шығармалар жинағы 7 том Белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі Тәкен Әлімқұлов шығармалар жинағының 7-томына «Темп эпохи» атты романының орыс тіліндегі нұсқасы мен баспасөзде жарық көріп жинақтарға енбеген туындылары еніп отыр.

Әлімқұлов Тәкен. Көп томдық шығармалар жинағы 6 том Тәкен Әлімқұловтың шығармалар жинағының бұл томына «Қобызшы Қорқыт» романтикалық дастаны мен «Жұмбақ жан», «Жемісті жолда» және «Қасым Аманжолов» сияқты сыни-зерттеу еңбектері еніп отыр.«Жұмбақ жан» — Абай туралы терең де іргелі зерттеу еңбек. Бұл туындының әлі күнге дейін ұлы ақын туралы жазылған еңбектердің ішіндегі шоқтығы биік екенін айта кеткен жөн.

Әлімқұлов Тәкен. Көп томдық шығармалар жинағы 5 том Тәкен Әлімқұлов шығармалар жинағының V-томына «Сейтек сарыны» хикаяты мен «Ақбоз ат» романы еніп отыр. Күй мен тұлпар тағдыры жазушының қайта-қайта оралып соғатын тақырыптары болса да, қызықтыра, түрлендіре жазады.Әр туындыны жазушы жаңа бір мәнермен, өзгеше бір тәсілмен баяндайды. «Ақбоз ат романы» Т. Әлімқұловтың қарымы мол қаламгер екенін паш етеді.

Әлімқұлов Тәкен. Көп томдық шығармалар жинағы 4 том Көрнекті жазушы Тәкен Әлімқұлов шығармаларының кезекті томына «Қара жаяу», «Дүбәра» хикаяттары , новеллалардан құралған «Замана екпіні»романы енді. Бұл шығармаларға Қазан төңкерісінен кейін қазақ ауылында орын алған өзгерістер, сахара өмірінің сан алуан оқиғалары өзек болады.

Әлімқұлов Тәкен. Көп томдық шығармалар жинағы 3 томБелгілі қаламгер, қара сөздің хас шебері Тәкен Әлімқұловтың шығармалар жинағының бұл томына жазушы ертеректе жазылған шағын болса да көтерер жүгі мол әңгімелері, «Көк қаршыға», «Күржік» хикаяттары енді. Сан қырлы талант иесі әртүрлі тақырыпқа қалам тарта отырып, білімділігін білгірлігін танытады. Туындылары сонымен құнды да қызықты.

Әлімқұлов Тәкен. Көп томдық шығармалар жинағы 2 томҰлы жазушы Т .Әлімқұловтың шығармалар жинағының ІІ томына «Кертолғау», «Қос күйші», «Қаралы қобыз» сияқты өнер тақырыбындағы әңгімелерімен қатар, «Араша», «Қақпақыл» сияқты хикаяттары еніп отыр.Қаламгер қазақ әдебиеті мен мінезін ауыл өмірінің ұғыл – шұғылын құнарлы тілмен баяндайды

Әлімқұлов Тәкен. Көп томдық шығармалар жинағы 1 том Томға автордың "Телқоңыр", "Сарыжайлау", "Сары сыбызғы" сияқты әңгімелері, "Қаратау" повесі енген.

Жүрегім менің тұңғыйық

Халық

Сәуле

Әке мен бала

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын

Index

Төлеген Тоқбергенов жазушы, әдебиет сыншысы

Ал, қазіргі қазақ әдебиетінде нағыз өнерпаздық өрістен болса, соның бірі – Тәкен Әлімқұлов. Тәкен әңгімелері ғана емес –ау, бүкіл творчествосын көзге елестетсек, сөз саптауымен де, ой түйгенімен де түйсік –түсінігімен де ұлттық жазушы.

Мархабат Байғұт, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Өлеңге ерекше ғашық болған адам. Өзін ақынмын деп есептеді. Жырларында Тәкеннің тағдыры, трагедиясы, қасіреті, қайғысы, жалғыздығы, жалқылығы түгел бейнеленген.

Есенғали Раушанов

Тәкен қайтқалы да талай жыл өтіпті. Біз білетін Тәкен туралы әңгіме бір таңға бітпейді. Бірақ, мұның таң қалатын несі бар, әр ұрпақ өзінің Тәкенін ашады. Әр буын көкем салған сүрлеулерді жаңаша таниды, басқа тұстан келіп табады. Жаңғыра бермек, жасара бермек, жаңара бермек дүние...

Тахауи Ахтанов, жазушы

Әлімқұлов әңгімелерінің қаһармандарының сарыжайлау, самал жел төскейдегі, көк балаусалы көл жағасындағы бейқам тірлігінің өзі неткен драма; әр сәті, әр сағаты, тамырының әр бүлкілі ұшқын атып, от шарпып жатқан жоқ па? Бұл - суреткер жаны. Суреткер Әлімқұловтың көрсетуінше, осындай бір сағат таппайтын ләззат пен азап толқыны алма – кезек шарпыған, аумалы – төкпелі тұңғиық құбылысқа, рухани сергектікке, азаматтық белсенділікке толы жан. Оның бір күнінен –бүкіл өмірі, бүкіл заман дидары көрініп тұратындай.

Sed diam nonummy nibh euismodmagna aliquam erat volutpat"

Author's name

Sed diam nonummy nibh euismodmagna aliquam erat volutpat"

Author's name

Sed diam nonummy nibh euismodmagna aliquam erat volutpat"

Author's name

Sed diam nonummy nibh euismodmagna aliquam erat volutpat"

Author's name

Асеткина.А. « Т.Әлімқұлов – қазақ жастарының үлгі тұтар ұлттық мақтанышы.» // Аңыз адам журналы 2019. / / 1- 15 қыркүйек (№7) (5-6 –бет) Ордабеков .С: «Тәкен және күй өнері» // Аңыз адам журналы 2019// 1-15 қыркүйек (№7) (9 -бет). Әддезұлы .Қ. «Ақбоз ат» романы. // Аңыз адам 2019 .// 1-15 қыркүйек (№7) (20-бет ).

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын, Панасында кереге мен уықтың. Тұңғыш рет пәк тәнімді жуыппын, Сарша белде, соған мәңгі жуықпын. Жөргегінде мейірмандық бесіктің, Дер кезінде дүниеге кеп, өсіппін. Туып шөлде, бірақ, көлде есіппін, Кез боп селге – теңізіне несіптің. Тосып соған өр кеудемді керейін, Ой тұйығын терең бойлап көрейін. Өнерімді сарқа сарқып берейін,

Шөлейт-шөлде, қараша үйде туыппын

Тұңғыйық, тұнық кең теңіз, Өтеді, тасқын көшеді, Сарқылмас теңіз – бір халық. Толқында жүзген кемесіз, Толқынға қарсы еседі, Толқынға соғып ырғалып. Кемеге күшті сенеміз, Тағдырды кеме шешеді, Керемет кеме ол, – бір алып. ары белімді өлеңіме бөлейін

Халық

Жүгірді бала жалбаңдап, Жұмыстан қайтқан әкеге, Білді ме, қайдам, арқалап, Бүгінгі істен шырайды Келешегін әкеле Жатқанын сол әкенің; “Конфетіңді же”, – деп сұрайды; Әке де босап деді “мін!”, Иыққа ұлын қондырып, – Қаларсың, көке, болдырып, Түсейін, – деді баласы. – Бес жылдың жүгін толтырып, Қажыған жоқ иығым; Көзімнің ағы-қарасы – Көтерсем сені тынығам, Отыра бер, – деді әке; Бала бір кетті әндете

Әке мен бала

Жүрегім менің тұңғыйық, Бойлағанға Байқалдай, Көктей мұхит кең мұхит, Қалар ма, сірә, байқалмай! Арай атқан алтын таң – Бейне жанған гауһар тас. Таң нұрындай шалқыған, Сол бір теңіз сарқылмас. Отанымның нұры ғой, Жүректе теңіз – көл болған. Тербеген соны терең ой, Жүзермін талай мен оған

Жүрегім менің тұңғыйық

Көрем дәйім алтын сәуле, Өңімде де, түсімде. Ойдағы ма, қалай әлде? Жүрем бақтың ішінде. Бақтың іші тегіс жеміс, Уылжыған бәрі де. Ерке жаным еліктегіш, Албыртады бәріне. Термек болған, мен балдырған, – Алманы да, өрікті. Сол жеміске нәр алдырған Сәнді сәуле көрікті. Көрем дәйім алтын сәуле, Қалың бақша ішінен. Аялаған мені әуелден Отан нұры ол, – түсінем

Сәуле