MONDRIAN CORP PRESENTATION
Библиотека Жанааркин
Created on January 3, 2024
More creations to inspire you
INTERNATIONAL EVENTS
Presentation
MASTER'S THESIS ENGLISH
Presentation
49ERS GOLD RUSH PRESENTATION
Presentation
3 TIPS FOR AN INTERACTIVE PRESENTATION
Presentation
RACISM AND HEALTHCARE
Presentation
BRANCHES OF U.S. GOVERNMENT
Presentation
TAKING A DEEPER DIVE
Presentation
Transcript
Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші – Алма Қыраубаева
Фотогалерея
Ой-пікірлер
Бөлімдері:
Өмірбаяны
Шығармашылығы
А.Қыраубаева туралы жазылған мақалалар
Кітаптары
Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева (26.5.1947, Бірқазан бекеті, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы - 5.2.2001, Астана) - ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998). Қалғабай батырдың ұрпағы, Қыраубай батырдан тарайды. Әкесі - Мүтәліп Қыраубайұлы ақын, жыршы, палуан болған адам. Анасы - Күлжан Сүлейменқызы – Мұстафа Шоқайдың немере қарындасы. Үлкен нағашы атасы - Ысқақ молда, Құмжарған деген жерде мектеп ашып, Мұстафа Шоқайға ұстаздық еткен. 1970 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін, 1973 жылы аспирантураны тәмамдаған. Ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтің себепкерлігімен ҚазҰУ-да қызметке қалады. 1974 жылы ҚазҰУ-да ассистент, 1978 жылы аға оқытушы, 1981 жылы доцент, 1998-2000 жылдары профессор болып қызмет атқарған. Ұстаздығымен қатар 1993 жылы Жандосов ауылында қазақ гуманитарлық мәдениет лицейін ашады. 2000-2001 жылдары Мырзатай Жолдасбековтің шақыртуымен Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, профессор және Қазақ ұлттық музыка академиясында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Отбасында 3 ұл тәрбиелеген ардақты ана 2001 жылы 5 ақпанда, 53 жасында дүниеден өтті.
Ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Жаным садаға» (1995), «Шығыстық қисса дастандар» (1997) атты монографиясы, «Ғасырлар мұрасы» (1998), қазақ мектептеріне арналған «Ежелгі әдебиет» (1996) оқулығы мен жоғарғы оқу орындарына арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991) хрестоматиясының, ғылыми-әдістемелік, публицистикалық мақалалардың, «Сенім» оқу-бағдарламасының авторы. Алма Қыраубаеваның еңбектері төрт салаға бөлінеді: бірінші бағыты - орта ғасырлардағы шығыстық қисса-дастандарды, орта ғасыр әдебиетін зерттеді, екінші бағыты - түркологиялық зерттеулер, үшінші бағыты - педагогикалық зерттеулер, төртінші бағыты - Жамбыл Жабаев шығармашылығы. Жамбыл Жабаевтің ұмытылған термелерін жинақтап, өз орындауында Қазақ радиосының Алтын қорына жаздырып, «Жамбыл әуендері» жинағын құрастырды. Алма Қыраубаеваның 2008-2012 жылдар аралығында «Ғасырлар мұрасы» ( 2008), «Ежелгі әдебиет» (2008), «Шығыстық қисса дастандар» (2010), «Жаным садаға» (2011), «Мыңжылдық жолаушы» (2012) атты бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді. О.Жандосов ауылында 1993 жылы, Алма Қыраубаеваның жетекшілігімен жекеменшік қазақ гуманитарлық мәдениеті лицейі ашылды. Лицей қаражат тапшылығымен 1996 жылы жабылып қалды. Лицейде 50-60 оқушы білім алып, 5 сынып: 1,2,6,7,8, он бестен аса мұғалімдер құрамы қызмет атқарған. Қарым-қатынас мәдениеті негізінде ұстаздар оқушыларға «сен» дегеннің орнына «сіз», оқушының атына ұл бала болса «мырза», қыз балаға «бикеш» деген сөзді тіркестіріп айтқан. Ұстаздардың есімдеріне жас ерекшелігіне қарай «бике», «бибі» деген сөздер қосарланып айтылған. Аталмыш лицей қазақ ұлттық мектебінің моделінің жүзеге асқан бір көрінісі болды. Автор бүгінге дейінгі Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов негізін салып кеткен ұлттық педагогика мен психологияны сол кезеңдегі қазақ баласының болмысына сай тәжірибе жүзіне асырады.
2. Алма Қыраубаеваның әдеби зерттеушілік мұрасы : Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты. 10.01.02 мамандығы бойынша / Әбдір, Күлзия Әмірәліқызы ... – Алматы : [Б.ж.], 2010. - 24, [4] б. . – Библиогр.: 23-24 б. . – 100 дана
1. Ысқақұлы, Д. Ғалымның асыл арманы [Мәтін] : Дарынды ғалым Алма Қыраубаева туралы әңгіме / Д. Ысқақұлы // Егемен Қазақстан. - 2017. - № 194. – 10 қазан . – 7 б.
Имандылық әңгімелері. Қыраубаева, Алма Мүтәліпқызы; бас. суретшісі М. Данабаева- Алматы : Таймас, 2012 . – 978-601-264-086-1 - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті, "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" бағдарламасы бойынша шығарылды . 1-кітапша .– 16 б., суретті . Кітапша балаларды имандылыққа, білімділікке, еңбекқорлыққа жетелейді
Мыңжылдық жолаушы : көркем әңгімелер, ғылыми мақалалар, естеліктер Қыраубаева, Алма Мүтәліпқызы ; [ред. алқ.: Т. Кәкішев, Ө. Әбдіманұлы, А. Қыраубаева [ж. б.] ; баспаға әзірл. Н. Мәтбек, Г. Асқарова, Н. Әли]- Алматы : Өнер, 2012 .– (Үркер. – 978-601-209-197-7 (5-т.)(мұқ.), 978-601-209-042-0 - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті, "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" бағдарламасы бойынша шығарылды . Библиогр.: 239-244 б. 5 т. .– 528 б. Басылымға автордың 60-жылдары жазылған көркем әңгімелері, ғылыми мақалалары, сондай-ақ бүкілхалықтық жиындар мен мерейтойларға арналып жазылған мақалалары мен сын-пікірлері және А. Қыраубаева жөніндегі естеліктер топтамасы енгізілген.
Мектеп лицейдің тәжірибесін көзбен көрген мұғалім ретінде нақты айтарым: осы Алма апайдың мектебінің кейбір идеялары Қазақстан мектептерінде енді-енді іске асырыла бастады: бала жанымен жұмыс, сабақтағы ізденіс, білімді бағалау және т.б. «Сенім» бағдарламасы – қиын-қыстау кезеңде жасалған білім саласын¬дағы батыл қадам. Бағдарлама авторы Алма апай бұл бағдарламаны бірден бастап кетпегені де айқын, себебі ұстаз өзінің ғылыми ізденістері мен ұстаздық тәжірибесін жан-жақты зерделеп, сұрыптап, мақсатын айқын межелеген тұста қолға алынған жоба. Ол тек қағаз жүзіндегі ой болып қалған жоқ, мектеп ретінде өз өміршеңдігін дәлелдеді.
Айсұлу Қасымбек, «Шығармашылыққа баулу» орталығының зертхана меңгерушісі
«Өмірде өзім көрген жандардың арасында қандай жағдайда да ұстаздық ақ жолынан еш адаспаған, шынайы ұстаз, шын ұстаз бір жанның болғанын жақсы білемін. Ол – қасиетті қара шаңырақ ұлттық университетте 30 жыл ұстаздық еткен, менің сүйікті ұстазым Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева. Алма Мүтәліпқызы өзінен оқып, дәріс алған бар шәкіртін бөліп-жармайтын, «бес саусақ бірдей емесін» біле тұра, әр шәкіртінің бойынан бір ерекшелік байқайтын, олардың мінез-құлқындағы ала-құлалықты елемеуге тырысатын үлкен жүректі адам, адал ұстаз еді.
Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ,филология ғылымының докторы
Қазақстан қазір әлемдік өркениеттен өзіне лайықты орнын алу үшін рухани жаңғыру жолына түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған әдеби мұрасын, ұлттық тағылымы мен тәрбиесін тарихтың тұңғиығында шашылып қалған жерлерінен жинап-теріп, елінің ертеңі жарқын болуы үшін кәдеге жарата білген Алма Қыраубаеваның ғылыми еңбегі сол ұлттық құндылықтардың қатарынан әркез табылатыны анық
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор