NUMBERS LIST
Aida Alikhan
Created on October 3, 2023
Over 30 million people create interactive content in Genially
Check out what others have designed:
Transcript
Графикалық ақпараттың ұсынылуы. Сандық ақпараттың ұсынылуы. Символдық ақпараттың ұсынылуы. Дыбыстың ұсынылуы
Компьютерде әр типті деректерді ұсыну
Графикалық ақпараттың ұсынылуы.
Векторлық тәсілде
Растырлық тәсілде
Компьютерде бейнені ұсыну проблемасы екі түрде яғни, растырлық және векторлық тәсілдері арқылы шешіледі.
Растрлық тәсіл
Векторлық тәсіл
Растырлық тәсілде
Бейнежадыдағы ақпарат (бейнеақпарат) – экранның әр пикселінің түстері кодтарының жиыны. Яғни, бейнені көрсету түстерді кодтаумен байланысты. Дисплей экранында түрлі түстер алудың физикалық принципі негізгі үш түсті: қызыл, жасыл, көкті араластыруға негізделген. Демек, пиксель түсінің кодында әрбір негіздік түстің ашықтық үлесі (орысш. – интенсивность) туралы ақпарат болуы керек.
Бейнеақпарат – компьютердің жадында сақталынған бейне туралы экранға жаңғыртылатын ақпарат. Бейнежады – экранға бейнені жаңғырту уақытында, бейнеақпаратты сақтайтын жедел жады.
Егер үш түс құраушылардың барлығының ашықтығы бірдей болса, онда олардың қоспасынан 8 (23) әтүрлі түс алуға болады. Мына кестеде үш биттік екілік кодымен 8-түсті палитраның кодталуы көрсетілген. Онда негіздік түстің болуы 1-мен, жоқтығы 0-мен белгіленген.
Сандық ақпараттың ұсынылуы.
Символдық ақпараттың ұсынылуы.
Дыбыстың ұсынылуы.
Растырлық тәсілде бейне бір түсті кішкентай элементтерге – бейнепиксельдерге бөлінеді, олар қосылғанда жалпы бір сурет пайда болады. Растрлық бейнеақпарат – кішкентай элементтердің түстері бойынша, рет-ретімен орналасуы.
Векторлық тәсілде – кез келген бейне геометриялық элементтерге: түзу кесінділерге, эллипісті доғаларға, тік төртбұрыштың, шеңбардің фрагменттеріне және т.б. бөлінеді. Мұндай тәсілде бейнеақпарат – дисплей экранымен байланысты координаталар жүйесінде, аталған элементтердің математикалық сипаттамасы болады. Векторлық тәсіл сызбаны, схемаларды, штрихты суреттерді ұсынуға қолайлы. Векторлық тәсіл әмбебап екені өзінен өзі түсінікті, өйткені ол бейненің сипатына байланыссыз қолданыла береді. Қазіргі уақыттағы дербес компьютерде тек растрлық дисплейлер қолданылады.