ABOUT ME
Библиотека Жанааркин
Created on August 29, 2023
More creations to inspire you
RESUME, LANGUAGES, & SKILLS
Personal Branding
ONLINE BUSINESS CARDS
Personal Branding
BUSINESS CARD
Personal Branding
LAYWER RESUME
Personal Branding
ABOUT ME - PERSONAL PRESENTATION
Personal Branding
Transcript
«Парасат биігіндегі жазушы»
Баққожа Мұқай
Өмірін өрелі өнеге – өсиетімен өрнектей алған өзекті жан үшін өлмейтін құндылықтар мәртебе. Терең толғанысы мен биік таным – талғамын, адами от – жігері мен байыпты пайымын төл туындыларына тұғыр еткен көрнекті жазушы – драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Баққожа Мұқай өзіндік ұстанымымен өзгелерге ой тастап кеткен қаламгер. Жазушы шұрайлы да шыншыл шығармашылығымен кемел еді. Сырбаз да сындарлы мінез – қасиетімен жоғары тұратын. Қазақтың қамын, ұлттық мүдде – мұратын зерделеуімен ерекшеленді. Өмірде де, өнерде де аға тұтатын азаматтардың біріне: «Шындықты айтайықшы, шындыққа оқ өтпейді» дейтұғын жазушы сөзінен оның жан – дүниесін жазбай танисың. Әдебиет атты қастерлі құндылықты құт тұтқан қаламгер қазасы орны толмас өкініш десек те, Баққожа Мұқай мұраға қалдырған мирас – көңілге демеу. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған бір «Өмірзая» романының өзі – ақ талайларға тағлым екені даусыз. «Өмірің зая өтпесін!» Талайды тірлікте түйіндеген тұжырымын келер ұрпаққа, бүгінгі замандастарына осылайша өсиеттеген сырлы суреткердің өз ғұмырын қаншалықты ғибратты кеше алғанын таразылайсың. Өмірін зая өткізбеген атпал азаматтың «Дүние кезек», «Аққу сазы», «Алғашқы махаббат» сынды прозалық шығармалары мен «Қош бол, менің ертегім!», «Заманақыр», «Сергелдең болған серілер» секілді көптеген драмалық туындылары қазақ әдебиетінен лайықты орнын алған дүниелер.
Мұқай Баққожа (31 қаңтар 1948, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы — 2008) — жазушы, драматург. «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000). 1971 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965 жылы Кегей аудандық «Коммунизм нұры» газетінде еңбек жолын бастаған. 1970 — 1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990—1995 жж. Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактор, бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. «Парасат» журналының Бас редакторы болды. Ол «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып түр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Парасат» орденінің иегері (2006).
ӨМІРБАЯНЫ
Өмірзая – Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы. Жазушы романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.
Мемлекеттік сыйлық алған “Өмірзая” романы
Баккожа Мукай. Избранные произведения (том 1). - Алматы: Изд-во» Ана тілі", 2006г .- 472 С. В первый том многотомных избранных произведений лауреата Государственной премии Республики Казахстан писателя-драматурга Баккожа Мукая вошли произведения, написанные в 1966-1976 годах. Мы считаем, что эти произведения, любезно предоставленные широкой читательской аудиторией, отвечают требованиям и сегодня.
Баккожа Мукай Избранные произведения том 2. - (Рассказы). - Алматы: "родной язык", 2007. - 488 С. Во второй том собрания сочинений лауреата Государственной премии Республики Казахстан Баккожа Мукая вошли рассказы писателя, написанные в период с 1980 по 1990 годы. В этих произведениях заложены противоречия между личностью и обществом, непростая и интересная судьба разных людей. Произведения писателя, быстро прошедшие время, получившие справедливую оценку у широкого читателя, созвучны времени, вдохновляют. Мы верим в долголетие этих произведений, не утративших своей значимости, художественной силы.
Баккожа Мукай. Избранные произведения том 5.- (Роман).- Алматы: Изд - во» Ана тілі", 2008. - 464 С. В 5 томах избранных произведений баккожа Мукая включен Роман "Умирзая". Широко признанный драматург, проницательный публицист в этом основополагающем произведении живописно излагает горькую реальность современности, сбои и прогресс в обществе, личности, нравственные качества людей. Произведение точно не оставит читателя равнодушным.
КІТАПТАРЫ
МАҚАЛАЛАРЫ
Өмірзая // Дала мен қала. 2013. – 28 қаңтар (№ 12). – 5 б.
Өмір зая емес // Парасат. 2009.- 3 қазан (№ 10). – б 14.
Нармаханова, Ж. Шанасы сырғи беретін жазушы // Ақ желкен. 2009. – 5 желтоқсан (№12). – б 62 – 63.
Танымал жазушы Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы тартып әкететіні рас. Бірақ өте ауыр оқылады. Мен тура бір аптада әрең бітірдім. Бүге-шігесін қадағалап, айшық, бедеріне ден қойғаннан ғана емес. Баққожа сыпаттап отырған өмірдің зіл-батпан ауыр салмағынан. Сол өмірдің нақпа-нақ, шынайы қалыпта таңбалануынан. Қандай өмір десеңіз – советтік шындық дер едім. Мұхтар Мағауин Баққожа өте инабатты, өте сыпайы, сонан соң сөздің тоқетерін айтатын талантты жігіт еді. «Түбіне тіршіліктің тағдыр ие, Тәңірдің құзырында бар дүние. Шындығын қара тасты балқытады, Келгенде қыл-қобыздың зар күйіне». Көкірегімізде асыл ойлы азаматтың бейнесі қалды. Шамын жарқыратып отырған сүйікті жары мен балаларына амандық тілейміз. Баққожа қазақтың тарихында алтын әріппен жазылатын ерекше тұлға болып қалады. Сәбит Оразбаев Қалың-қалың романдардың дүниеге келуі, «Өмірзая» атты атақты романның Мемлекеттік сыйлыққа ие болуы, «Иірім» деген прозалық дүниесінің қырманның көңіліне барып қонуы және өзі туып-өскен өңірі туралы жазған атақты «Жалғыз жаяу» деген дүниесінің бәрі көлемді. Мұның барлығы Баққожаның қазақ прозасына селтеусіз қызмет еткені деп білемін. Нұрлан Оразалин
Баққожа Мұқай туралы ойлар
Баққожаның қаламынан туған дүниелерді оқып отырып, сол шығарманың ішінен әркім кеше ғана бастан өткерген өз заманын, өз тағдырын таниды. Жазушы өткен ғасырдағы сырт қарағанда керемет көрінетін кеңестік қоғамның ішінде бұғып жатқан, мұздың астымен жүрген жылымдай сұрқия саясатының қыр-сырын, ішек-қарнын өте көрегендікпен суреттейді. «Жалғыз жаяу» романында шекара бойындағы кеңестік қоғамның қиянатына шыдай алмай, әрі асып, бері асып жүріп, өз жеріне, өз еліне өзі өгей көрінген қазақтардың азап-тозағы сөз болады. Басына қандай іс түссе де, ұлт үшін, ұрпақ үшін тау қыранындай қайтпай, күресе білген ерлер өмірі көз алдыңа келгенде еріксіз толқисың. Тәуелсіздік жолында құрбан болған жандар рухына бас иесің. Баққожаның бүкіл шығармаларының алтын өзегі – ел тәуелсіздігі, бостандық үшін күрес. Басына оңайлықпен бұғау салдырмайтын арда, асау бабаларындай Баққожада қаламын қару етіп, саналы өмірін күреспен өткізген жазушы. Несіпбек Айтұлы 1960 жылдардағы әдебиет өкілдері жалпы қазақ прозасына, қазақ поэзиясына, қазақ әдебиетіне төңкеріс жасаған ұрпақ екенін жақсы білесіздер. Сол дәстүрді ары қарай жалғап әкеткен жаңа буынның алғашқы талантты өкілдерінің бірі осы Баққожа Мұқай болды. Бізде тарихи романдар көп, бірақ сол тарихи дүниенің өзін басқаша көзқараспен және өзгеше стильмен жазудың алғашқы үлгілерін көрсеткен де осы Баққожа еді. Кенжехан Матыжанов
Баққожа Мұқай туралы ойлар
ФОТОГАЛЛЕРЕЯ