Заманның көркем шежіресі
Библиотека Жанааркин
Created on May 31, 2023
Over 30 million people build interactive content in Genially.
Check out what others have designed:
ABOUT ME - PROFESSIONAL PRESENTATION
Personal Branding
MY WORK EXPERIENCE
Personal Branding
RESUME, LANGUAGES, & SKILLS
Personal Branding
LAYWER RESUME
Personal Branding
MY SOCIAL MEDIA
Personal Branding
MY RESUME - GRAPHIC DESIGNER
Personal Branding
RESUME INSPIRATION
Personal Branding
Transcript
«Заманның көркем шежіресі»
БАСТАУ
*
Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әнес Сарай тарих тылсымына шұқшия үңіліп, тірнектеп дерек жиып, тебіреніп қалам тербеу әрбір қаламгердің қасиетті парызы деп санайды. Тарих тағылымы арқылы ғана қайсар, табанды, өршіл ұрпақты қалыптастыруға қол жеткізуге болатынына қапысыз сенеді. Қаламгердің қарымды қаламынан туған «Көнеліктер», «Көк түріктері», «Ноғайлы» – қазақ тарихының кең тынысын ашатын құнды дүниелер екені жұртшылыққа мәлім.
Өмірбаяны
Әнес Сарай Төлендіұлы – жазушы, драматург, еңбек қайтарткері. 1937 Ресей федерациясының Астарахань облысы, Воладар ауданы, Кірмалай ауылында дүниеге келген. Жазушы Ресей жерінде дүниеге келсе де, өз әріптестерінен дараланып, оқшаулау көрсететін бір сыры: ол өз шығармаларын түгелдей Атырау өңіріне, кәрі Каспий теңізшілері мен балықшыларының өміріне арнаған. Ол – шын мінінде теңіз жыршысы. Ол батыс Алаш тарихын қамтитын «Еділ-Жайық» романының және Алаш қозғалысына қатысты деректі материалдардың авторы. Сонымен қатар, Әнес Төлендіұлы Махамбет ақынның өлеңдерін бала күнінен жаттап, Исатай батыр рухын жан-жүрегімен сезініп өскенінің арқасында Исатай мен Махамбет зерттеу еңбегіне тұтас 20 жыл уақытын арнаған ұлт жанашыры. ҚазҰУ-ды бітірген. «Егемен Қазақстан», «ЖасАлаш» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.
Кітаптары
+ толығырақ
+ толығырақ
+ толығырақ
+ толығырақ
Көк түріктері
ӘНЕС САРАЙ
+ толығырақ
ИСАТАЙ - МАХАМБЕТ ТАРИХЫ
ӘНЕС САРАЙ
АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ
ӘНЕС САРАЙ
Көнеліктер
ӘНЕС САРАЙ
Ноғайлы
ӘНЕС САРАЙ
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сарай Әнес Төлендіұлы – әдебиетіміз бен рухани өміріміздегі белгілі тұлға. Қаламгердің «Мұнаралар шақырады», «Қараша өткен соң», «Бозқырау», «Ақ тымық түн» повестері мен әңгімелер жи нағы, «Теңіз сарыны» дилогиясы мен «Ұлу аралы», «Еділ–Жайық», «Өртенген керуендер» романдар топтамасынан құралған «Еділ–Жайық» трилогиясы Каспий теңізі кәсіпшілерінің өткені, кешегісі мен бүгінгісіне арналып, басын күнде қатерге тігіп, толқынды көк теңіз бен мігірсіз арпалысқан балықшы-теңізшілердің қарапайым да өр мінездерін қалтқысыз ай шықтаумен ерекшеленеді. Қазақтың әдеби сыны оны «теңіз жыршысы» деп таниды. Әнес Сарай соңғы жылдары қазақ тарихының ақтаңдақ беттеріне қалам тартумен көзге түсті. Оның қаламынан шыққан «Исатай мен Махамбет», «Мұхаммед пайғамбардың өмірі», «Асылдың сынығы», «Көнеліктер», «Ноғайлы» тарихқа әуес бұқара көпшілік іздеп жүріп оқитын, қолға түспес басылымдарға айналды. Бұл жолы біз оқырманға автордың «Көк түріктерінің импе риясы» атты жаңа еңбегін ұсынғалы отырмыз. Көкірек көзіңді ашып, ой-санаңды оятар анық дәйекті зерделі толғамдар – рухани құндылық дегеніміз осылар емес пе!
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Nulla rutrum placerat fringilla. Duis felis purus, porttitor ac pharetra at, elementum vel neque. Ut ac interdum est, eget volutpat felis. Vivamus egestas consequat posuere. Nunc finibus, urna vitae tempus porttitor, mi massa convallis libero, a ultricies enim massa vitae augue
Әнес Сарайдың «Исатай – Махамбет тарихы» зерттеу кітабы 1836 – 1837 жылғы патша өкіметіне қарсы қазақтар бас көтеруінің арғы – бергі тарихы мен кейінгі ұрпаққа тәлім – тәрбиесі жөнінде тереңнен толғам, жүйелі әңгімеленген бірден – бір туынды.Кітаптың оқиғасы қою, тілі жеңіл, оқырманын жайбарақат қалдырмайды.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Nulla rutrum placerat fringilla. Duis felis purus, porttitor ac pharetra at, elementum vel neque. Ut ac interdum est, eget volutpat felis. Vivamus egestas consequat posuere. Nunc finibus, urna vitae tempus porttitor, mi massa convallis libero, a ultricies enim massa vitae augue
Қолдарыңыздағы кітапқа енген зерттеулер ұланғайыр, ұшан-теңіз көмескі тарихымыздың ұмыт қалған беттерін ашуға жәрдемдеседі.Сондықтан оны оқушылар мен мұғалімдер, студенттер мен басқа да зерделі оқырман қызығып оқиды деп ойлаймыз.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Nulla rutrum placerat fringilla. Duis felis purus, porttitor ac pharetra at, elementum vel neque. Ut ac interdum est, eget volutpat felis. Vivamus egestas consequat posuere. Nunc finibus, urna vitae tempus porttitor, mi massa convallis libero, a ultricies enim massa vitae augue
Қаламгерзертеулері деректілігімен, нақтылығымен,жүздеген ғылыми сілтелерімен тақырыпты терең игергеніне көз жеткізбей қоймайды. «Көнеліктер» кітабының өз оқырманың тауып, салдарлы бағасын алатынына кәміл сенеміз.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Nulla rutrum placerat fringilla. Duis felis purus, porttitor ac pharetra at, elementum vel neque. Ut ac interdum est, eget volutpat felis. Vivamus egestas consequat posuere. Nunc finibus, urna vitae tempus porttitor, mi massa convallis libero, a ultricies enim massa vitae augue
Бұл кітаптан Едіге, Нұрадын, Мұса, Жаңбыршы, Орақ, Мамай, Қарасақ, Қазилардың өмір-деректерімен етене танысып, белгілі тұлғалар туралы жаңа көзқарас қалыптастырамыз. Сондай-ақ еңбекте Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған өмірі туралы жазылған.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Nulla rutrum placerat fringilla. Duis felis purus, porttitor ac pharetra at, elementum vel neque. Ut ac interdum est, eget volutpat felis. Vivamus egestas consequat posuere. Nunc finibus, urna vitae tempus porttitor, mi massa convallis libero, a ultricies enim massa vitae augue
Әнес Сарай туралы ойлар
Қаламгер – өз заманының көркем шежірешісі. ХІХ ғасырдағы орыс сыншысы Чернышевский өмір шындығына көркемдік баға берілген шығармаға уақыт та, заман да билік ете алмайды деп еді. Қаламгер Әнес Сарайдың шығармалары да сондай көркемдік-эстетикалық биікте тұр.
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВфилология ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
Күллі елге, Алашқа ортақ мақтаныш болған, жұртына адал қызмет істеген жақсылар болса керек. Әнес ағамыз қарт Каспийдің жағасында, Астрахань жерінде кіндік қаны тамған. Бар ғұмыры Еділ мен Жайық арасынан жауһар іздеп өткен, сөйте тұра түркі дүниесінің бар асылын түгендеген жанкешті еңбекқор жазушы еді. Бүгін ұлт тарихының тағы бір құнды парағын ашқалы отырмыз. Өмірінің соңғы күндерінде жазып шыққан осы «Адай тарихы» – қазақ шежіретануына қосылған құнды дүние деп білеміз.
Атырау облыс әкімінің орынбасары Н.Таушов.
– Әнес ағамыздың жәй шежіре емес, күллі қазақ-түркі халқы және оның тереңге жайлаған тарихы жөнінде жазған еңбектері көп. Төл тарихымыздың кем тұстарын жарық әлемге паш етуде, тегімізді танытуда біраз еңбек еткен, Әнес ағамыздың еткен еңбегі шексіз. «Адай тарихын» әрбір адам баласына оқуға кеңес беремін.
Жазушылар Одағы Басқарма төрағасының орынбасары М.Құлкенов.
Мен үшін Әнекеңнің орны мүлдем бөлек. Ол кісі –жазушы. Ол кісі еңбекқор. Әнекең бас алмай жазуға бар. Тіпті айтпасаң, тамақ ішуді де ұмытып кетеді. Кейде жаным ашып: «Папасы-ау, денсаулығыңнан не қалды, жазуды енді қойсаңшы» деймін. Оған көнетін папамыз жоқ. «Мен жазуды тастасам, кім болғаным» деп балаша ренжиді. Әнекеңнің жазып жүрген дүниелері – күрделі еңбек. Сондықтан жанашырлықпен қарап, барлық жағдайын жасап беруге тырысамыз. Бұл үйде папа не айтты, сол болады. Ол кісі ақша мәселесіне араласпайды, анаған-мынаған жұмсап қойды деп басын қатырмайды. Ол кісіге жаңа киім алып беру дегеннің өзі – үй салудан да қиын. Дүкенге бармайды. Дүниеге қызықпайды. Бар есіл-дерті – тек жазу.
Алтыншаш ЖАҒАНОВА, жазушы, қоғам қайраткері
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
«Мұнарлар шақырады» деген атпен алғашқы әңгімелер жинағы 1969 жылы жарық көрді. 1989 жылы орыс тілінде «Қараша айы келгенде» кітабы шықты. «Қу тазша», «Ару Алматы», «Мұқым менің», «Аңсау», «Тымырсық» пьесаларының авторы. «Біз – жастармыз», «Атаман Анненковтың күйреуі» фильмдерінің сценарийлерін жазған. «Еділ-Жайық» романы үшін 1992 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Мұнаралар шақырады. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1969; Қараша өткен соң. А., «Жазушы», 1971; Бозқырау. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1973; Тосқауыл. Роман. А., «Жазушы», 1976; Алтын арал. Роман. А., «Жазушы», 1984; Ақ тымық күн. Роман. А., «Жазушы», 1989; Асылдың сынығы. Роман. А., «Жазушы», 1996; Исатай – Махамбет тарихы, А., 1997; Адайлардың арғы тарихы. Роман. А., 1998.
Фотосуреттері