Want to make interactive content? It’s easy in Genially!

Over 30 million people build interactive content in Genially.

Check out what others have designed:

Transcript

Виртуалды көрмесі

"Нұрғали – халқының төл жазушысы"

5. МАРАПАТТАРЫ

4.ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

3. ШЫҒАРМАЛАРЫ

2. КІТАПТАРЫ

1. ӨМІРБАЯНЫ

Бөлімдері

Даладан қалаға келгендер

Ауыл тақырыбына жазған бір топ әңгімелері мен хикаяттарынан кешегі, бүгінгі ауылдастарымыздың арман-мақсатын, тыныс-тіршілігін сезіне отырып, оларды тағы да бір жаңа қырынан танимыз

Жылқының көз жасы

Белгiлi жазушы Нұрғали Ораздың «Жылқының көз жасы» атты кiтабына оның соңғы жылдары жазған жаңа әңгiмелерi мен хикаяттары енгiзiлiп отыр. Нұрғали Ораз шығармаларының әдетте тiлi көркем, оқиғасы қызықты және айтар ойы анық болып келедi. Бүгiнгi замандастарымыздың жан дүниесiн толғандырып жүрген көкейкестi мәселелердi жан-жақты қозғап, ұтымды да ұрымтал диалогтар арқылы талқыға салып отыратындығымен құнды. Қаламгер қай тақырыпқа қалам тартса да, оқырман қауымның жүрегiне жол тауып, әдеби ортада қызу талқыланып, жүрекжарды, ақадал пiкiрлердiң жиi айтылып жататындығы да содан болса керек.

Жазушы Нұрғали Ораз 1960 жылы 25 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы Монтайтас ауылында туған. 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Алғашқы еңбек жолы «Жалын» баспасының жетекші редактор қызметінен бастау алып, кейін «Парасат» журналында бас редактордың бірінші орынбасары, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Ақ желкен» журналының Бас редакторы қызметтерін атқарған. Бұдан кейін де бірқатар лауазым орынтағында отырған Нұрғали Ораз бүгінде Халықаралық «Диалог Еуразия» платформасы қоғамдық ұйымында еңбек етуде. Алғашқы еңбегі «Долана» әңгімесі 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Арман қанатында» атты жинақта жарық көрді. Шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Д.Голсуорсидің, Х.Л.Борхестің, И.Кавабатаның, И.Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған. Нұрғали Ораз «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Парасат» журналы сыйлықтарының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003жыл). Ол «Бақыршаның балалары», «Қазығұрт оқиғалары» , «Даладан қалаға келгендер»,«Биіктегі сұлулық», «Жылқының көз жасы» және тағы басқа еңбектердің авторы. Нұрғали Ораз драматургия саласында да өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның ауыл тақырыбына арналған әңгiмелерiнiң желiсi бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Әурелең» аталатын толықметражды көркем фильм түсiріп «Хабар», «Қазақстан» телеарналарында көрерменге жол тартты. «Оңаша арал» атты әңгiмесi бойынша «Таң» телекомпаниясы да қысқаметражды фильм түсірген болатын. Ал, «Адасқан жұлдыз» пьесасы халықаралық «Тәуелсiздiк толғауы» конкурсында жүлделi орынға ие болып, 2010 жылдан берi Ғ.Мүсiрепов атындағы академиялық жастар театрында сахналанып келедi. «Бақ құсы» әңгiмесiнiң желiсi бойынша жазылған «Таудағы түн» пьесасы да айтулы театр репертуарындағы қойылым. Жақында Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Нұрғали Ораздың «Менің де өмірім бір қызық кітап» атты әңгімесі Еуразия Жазушылар одағының халықаралық Махмұт Қаш¬қари атындағы бәйгенің жүлдесіне ие болды. Еңбегі еленген елеулі жазушылардың бірі Нұрғали Оразға шығармашылық жолындағы жетістіктері үшін Татарстанның арнайы сертификатымен марапатталды.

Алғашқы «Долана» әңгімесі 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Арман қанатында» атты жинақта жарық көрді. Шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Д.Голсуорсидің, Х.Л.Борхестің, И.Кавабатаның, И.Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған. Шығармалары: Соқпақ жол. Әңгімелер. А., «Жалын», 1985; Бақыршаның балалары. Әңгімелер. А., «Жалын», 1988; Қазығұрт оқиғалары. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1995; Аяқталмаған ертегі. Повестер мен әңгімелер. Астана. «Елорда», 2002; Даладан қалаға келгендер. Повесть, әңгімелер. «Қайнар», 2006; Биіктегі сұлулық. Повесть, әңгімелер. «Жазушы», 2008; түнгі жалғыздық. Әңгімелер. «Атамұра», 2008. «Жазушы Нұрғали Ораздың «Оңаша арал», «Күнімайдың күндері-ай», «Жолайрықта», «Қызыл іңір», «Көрші үйдің қызы», «Қоңыр шәлі», «Теріс ағаш», «Түндегі жетім тамшылар», «Ақ тырналардың ұясы» атты әңгімелерін қызыға, құмарта, жалықпай оқисың. Олардан үлгі-өнеге аласың. Өмірде өзің байқамайтын тылсым сәттерді сезінесің. Гәп – адамдардың ұлттық психологиясында. Біз өзіміздің ұлттық мінезімізді терең түсінбей, басқаға үлгі бола алмаймыз. Нұрғалидың ерекшелігі, оқиғаны өмірдің дәл өзінен ойып алады. Соны әсерлеп оқырманға жеткізеді. Нұрғали Ораз – психолог жазушы. Адам қай кезде болса да өзінің туған елінің тарихын, өмір сүрген замандастарын, қоғамын, сол арқылы азамат тарихын толығырақ түсінеді. Оның жазу өнері ұнайды. Таза әрі әсерлі етіп жазады. Шығарманың ой желісі, ою-өрнегі, образ жасау жүйесі кеңінен толғандырады».

Нұрғали Ораз шығармашылығы кез келген әдебиетшіні, оқырман қауымды бейжай қалдырмасы анық. Өзіндік өрнегі бар қаламгер жайында жазушы Серік Жанәбіл мынадай пікір білдіреді: «Әр заманның өз жазушысы болады. Қазіргі кезеңдегі ірі жазушы – Н.Ораз... Кітап – өмірде жарыса жүретін алтын қазына. Ол – сарқылмайтын бұлақ. Осындай халық оқитын шығарма жазған Нұрғали – халықтың төл жазушысы. Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттері», Оралхан Бөкеев «Мұзтау», Мұқағали Мақатаев «Қарасаз», ал Нұрғали Ораз «Қазығұрт оқиғаларын» жазды... Бұл кітаптар ұрпақтан-ұрпаққа қалады. Нұрғали – өресі биік жазушы. Ол ұлттық тұрғыда ойлап жазады». Ал журналист Нұрбек Түсіпхан былай депті: «Нұрғали Ораз шығар-машылығындағы жалғыздықтың мәні ақын Жәркен Бөдештің: «Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы.Жалғыздықтан жаралған адамзаттың баласы.Данасы мен дарасын мәрмәр тасқа қашайды ел. О, жалғыздық, жасай гөр, о, жалғыздық, жасай бер!» – дейтін өлең жолдарымен сарындас. «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз» екені поэтикалық асқақ рухта айтылса да кез келген адамның жалғыз-дықпен сырласар, мұңдасар сәті барын жазушы өз шығармашылығына арқау еткен. Сондықтан өзінің айтар ойын анықтап, тақырыбын тапқан жазушының өзіндік оқырманы да табылатынын ескеруіміз керек».

«Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Парасат» журналы сыйлықтарының, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты