Want to create interactive content? It’s easy in Genially!
Қыран елім -Қазақстан: виртуалды көрме
angela_1982
Created on October 14, 2022
Over 30 million people create interactive content in Genially
Check out what others have designed:
Transcript
Виртуалды көрме
Құрметті оқырмандар! Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім-Қазақстан» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды. Биыл 13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітілді. Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйек күні тиісті заңға қол қойды.