Want to create interactive content? It’s easy in Genially!
Стиль
Adam Petri
Created on April 23, 2021
Start designing with a free template
Discover more than 1500 professional designs like these:
View
Higher Education Presentation
View
Psychedelic Presentation
View
Vaporwave presentation
View
Geniaflix Presentation
View
Vintage Mosaic Presentation
View
Modern Zen Presentation
View
Newspaper Presentation
Transcript
Стилистика. публицистикалық стиль.
Стилистика
Стилистика – тіл білімінің бір саласы, стиль туралы ғылым. «Стиль» сөзі көп мағынада қолданылады (латынның stylos сөзінен шыққан, қазақша «жазу құралы, жазу мәнері» дегенді білдіреді). Ал тілге қатысты стиль белгілі бір лексикалық, грамматикалық жіне фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін қарастырады. Стилистика тіліміздегі сөздердің, сөз тіркестерінің қолданылу заңдылықтарын зерттейді. «Стиль» сөзі әдебиетке де байланысты қолданылады, сондықтан соңғы кездерге дейін тілдің стилистикалық ерекшеліктерін тек көркем шығарма арқылы зерттеу орын алып келді.
Стилистиканың негізгі зерттейтін саласы – стиль
Стиль ұғымы сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралады. Стильдің негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары. Форма – ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі. Зерттеушілер стиль – белгілі бір қатынастың түрінде тілдік бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі дегенді айтады. Стиль ойды, хабарды жеткізудің әдісі. Әдеби тілдің функционалдық стильдері әдебиеттің жанр түріне сәйкес пайда болып, көркем әдебиет стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми стиль және ауызша сөз стиліне бөлінеді. Стиль түрлеріне ажыратуда да қазақ тіл білімінің мамандары осы жолмен кеткен: функционалдық стильдердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттеудің негізгі көзі тілдің қолданысы болып табылады, бұл қолданыстар белгілі бір жанрға тән болып келеді деген сияқты немесе «жанрға қатысты бөлінген стильдер айқынырақ танылады» деген орыс тілі зерттеушілерінің тұжырымдарын басшылыққа алып, қазақ тілінің де мақсаттық стильдерін жанрлық негізде тармақтайды: публицистикалық әдебиет жанры публицистикалық стильді, көркем әдебиет үлгілері көркем әдебиет стилін, сол сияқты ресми іс қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық әдебиет стилі деп ажыратады.
Стилистиканың негізгі зерттеу нысаны
Стилистиканың негізгі зерттеу нысаны тілдің барлық деңгейлеріндегі (лексикалық, фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік) құралдар бола тұра, стилистика сөйлеу тілі мен жазба тілдің: - мәнерлегіштік мүмкіндіктерін; - стилистикалық мағыналары мен бояуларын; - қарым-қатынастың әртүрлі жағдайлары мен аяларына байланысты қолданылу жаңалықтарын; - белгілі мәтінннің мазмұнына орай қолданыс тілінің құрылымын қарастырады. Белгілі бір мазмұн мен мақсатқа құрылған шығармадағы тілдік құралдардың қолданылу заңдылықтарын тілдік тұрғыдан зерттейтін стилистика тек көркем шығарманың емес, ауызша/жазбаша құрылған мәтіндердің барлығын (ғылыми, ресми, публицистикалық) қамтиды. Зерттеушілер лингвистикалық стилистиканың ең басты екі бағытын немесе түрін көрсетеді: бірі – мәтіннен тыс жатқан стилистикалық ресурстар (мүмкіндіктер); бұл аспект тіл ресурстары стилистикасы деп аталады. Ал екіншісі – тілдің қоғамның әртүрлі салаларында қолданысқа түсу заңдылықтары, яғни тілдік құралдардың белгілі бір мәтін ішіндегі жұмсалу ерекшеліктері; бұл аспект функционалды стилистика деп аталады.
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬ
Публицистикалық стиль – (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) функциональды стильдердің бірі. Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында, саяси, мәдени-экономикалық, қарым-қатынастарды көрсетуге қызмет етеді. Публицистикалық стильдің екінші бір ерекшелігі – ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді, әрі әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады. Публицистикалық стиль – газет, журнал, радио, теледидар, документальді фильм, публицистикалық стильдің тақырыптық диапазоны өте кең: саясат, идеология, философия, экономика, мәдениет, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің проблемаларды, қазіргі уақыттың кезектегі міндеттері, ағымдағы саясат мәселелері, Репозиторий КарГУ 70 әлемдегі, қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістер (публицистиканы “қазіргі кезең жылнамалары” деп бекер айтпайды).
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬ
Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты – өмірдегі оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялы-дүниетанымды көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып табылады. Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі – хабар беру, екіншісі – ықпал ету. Публицистика латын тілінен аударғанда "көпшілік, әлеумет" деген мағына береді. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын әдеби тілдің функционалдық стильдерінің бірі. Публицистикалық стиль дегеніміз – көпшілікке арналған қоғамдық-саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптарға арналған газет-журнал беттеріндегі журналистика жанрларында (очерк, бас мақала, мақала, ақпарат хабар, халықаралық шолу, деректі әңгіме және т.б.) жазылған жарияланымдар.
Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағымақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер.
Мысалы:
1) Мақала. Еліміздің абыройын асыратын игі істердің тағы бірі –дінаралық татулық.Егемендігіміздің елең-алаңында аяқ алысымыздың аңысын аңдыған талайлардың Қазақстанды іштен ірітетін осал тұстарының бірі оның көпдінділігі деп жамандық шақырып баққанын біз ұмыта қойған жоқпыз.Президент Нұрсұлтан Назарбаев ол мәселенің де шешімін тапты. Елдің өз ішінде шешіп қана қоймады ол мәселені,осыдан он жыл бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндеркөшбасшыларының съезін шақырып,оны дәстүрге айналдырып,Қазақстанды дүние дидарындағы дінаралық татулық мекені ретінде танытты, әртүрлі діндердің бір елде келісімге келіп, жарасымды дами алатынын нақты дәлелдеп берді,осы арқылы бүкіл әлемдегі дінаралық шиеленісті бәсеңдетуге, яғни бейбітшілікті нығайтуға үлкен үлес қосты. («Егемен Қазақстан» газеті)
Мысалы:
2) Шешендік сөз. Қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, Дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – Хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, Анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, Ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – Еріткелі келгенбіз, Қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — Танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – Шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, Мен арыстан – алысқалы келгенбіз, Тұтқыр сары желіммен Жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, Бермесең – тұрысатын жеріңді айт! (Қазыбек би).
Қорытынды
Публицистикалық стиль қазақ тілі мәдениеті мен лингвостилистикасының ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді. Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы белгілі сөз бен сөйлемдердің жиынтығын құрайды. Газет тіліндегі стилистикалық категориялар ұстанымы публицистикалық стильдің сөздік қорының лексикасын құрайды. Бұрынғы сөздік қордан шыққан сөздер немесе, керісінше, публицистикалық стильдің негізгі сөздігі болған сөздер қайта айналысқа түсіп, өзінің стильдік бояу, стильдік мағына, стильдік мәнін де өзгертеді.
Назарларыңызға рақмет!!!