Want to create interactive content? It’s easy in Genially!

Get started free

Фосфор және оның қосылыстары

arumikosh

Created on April 13, 2021

Start designing with a free template

Discover more than 1500 professional designs like these:

Practical Video

Akihabara Video

Essential Video

Season's Greetings Video Mobile

End of the Year Wrap Up

Christmas Promotion Video

Santa’s Sleigh Christmas video

Transcript

Қызықты ақпараттар

Фосфор және оның қосылыстары

Түрлері

Cіріңкенің қорабын ұстаған әр адамға таныс элемент.

Бос күйінде бұл элемент кездеспейді. Соған қарамастан, тіршілік үшін өте маңызды. Себебі, көптеген ақуыздың құрамына енеді.

Ересек адам бойында 4 кг-ға жуық фосфор кездеседі. Әрине қосылыс түрінде.

Табиғатта фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі.

Одан өзге мида, бұлшық ет пен жүйкеде болады.

Ең көбі сүйек пен тісте. Ca3(PO4)2

Фосфор (латын Phosphorus), P – , ат.н. 15, ат.м. 30,97 Бірнеше түрі бар: ақ, қызыл, қара. III периодта, V топтың негізгі топшасында. Салыстырмалы атомдық массасы 31, Реттік нөмірі (ядро заряды) 15. Электрондық конфигурация: [Ne] 3s2 3p3 Ашылуы: Антуана Лавуазье ашқан элемент ретінде саналады (1777 г.), шын мәнінде Хеннигом Бранд ашқан (1669 г.).

Қараңғыда ақ фосфор жарқырайды. Брэнд дәл осы ақ фосфорды алған. Және "фосфор" атауы грек тілінен аударғанда "жарқырауық" дегенді білдіреді.

Ақ Қызыл Қара

Ақ фосфор

Сыртқы түрі парафинге ұқсайды. Пышақпен оңай кесіледі.

Фосфордың бұл түрі өте улы.Онымен жұмыс істегенде міндетті түрде қолғап кию керек.

Егер теріге тиіп кететін болса, кетуі қиын болатын химиялық күйік болады.

Сақталуы:Қалың әйнек ыдыстағы судың астында сақталады.

Барлық манипуляцияларды судың астында өткізеді.

Өйткені ауада ақ фосфор түтін шығып, тұтана бастайды.

Суда ақ фосфор ерімейді. Бірақ,кейбір сұйықтықтарда ол жақсы ериді.

Мысалы:

CS2 Көміртек дисульфиді

Тәжірибе 1

Көміртек дисульфидінен пробиркаға бірнеше мл құямыз.

Пробиркаға ақ фосфордың кесегін саламыз.

title her

Ерітіндіні шайқау керек.

Әйнек қақпақпен жабамыз.

Ендігі керегі балауыз шам.

Балауыз шамның жібіне пипеткамен ерітіндіден біршама тамызып, сәл күту керек. Бірнеше секундтан кейін шасның өзінен өзі жану процесін байқауға болады.

Қызыл фосфор

Pn

Полимерлік құрылымнан тұрады.Кристалдық торында молекула емес атом орналасқандықтан, реакциялық қасиеті әлде қайда төмен.

Соған қарамастан қызыл фосфорды жақсақ, қызғылт сары түсте от тұтатуға болады. Ол үшін қайтадан ақ фосфорға айналдырса болғаны.

Тәжірибе 2

01

03

02

04

Үшінші

Оттық жағып, құтыдағы фосфорды қыздырамыз.

Төртінші

Ақ фосфор торы қалыптасып, қызыл сары түсті береді.

Бірінші

Қызыл фосфорды арнайы ландель құтысына саламыз.

Екінші

Құтының қақпағын мақтамен жабамыз.

+info

+info

+info

+info

Сіріңкенің қорабында қызыл фосфор 30% кездеседі.

Реакция негізінде калий хлоратымен фосфордың әрекеттесуі жатыр.

Бертолет тұзы мен қызыл фосфорды араластырамыз. Оның үстінен балғамен ұрғанда, отшашудағыдай (хлопушка) реакция байқалады. Бұл құбылыс петард пен отшашу жасауда ескеріледі.

Дегенмен, фосфорға қатысты заттардың бәрі жана бермейді.

(NH4)3PO4 - аммоний фосфаты

Екі түрлі таяқша отқа ұстап көрілген. Біріншісі қарапайым, екіншісі аммоний фосфатының ерітіндісіне салынған. Бірінші таяқша оңай тұтанып кеткен, екінші таяқша қанша ұстаса да жанбады. Сондықтан аммоний фосфаты құрылыс саласында ағаш үйлерді салу кезінде оттан қорғау үшін антипирен ретінде қолданылады.

Фосфор туралы ақпараттар тізімім осындай.

Назарларыңызға рақмет!