Want to create interactive content? It’s easy in Genially!
Қаздар қайтып барады
Абдиразаков Азизжан
Created on March 2, 2021
Start designing with a free template
Discover more than 1500 professional designs like these:
View
Smart Presentation
View
Practical Presentation
View
Essential Presentation
View
Akihabara Presentation
View
Pastel Color Presentation
View
Visual Presentation
View
Relaxing Presentation
Transcript
Қабдеш Жұмаділов
Қаздар қайтып барады
Автор
Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы.Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан.[2] Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.
Басқа да шығармалары
«Жас дәурен». Өлеңдер жинағы: «Жазушы».— Алматы, 1966. «Қаздар қайтып барады». Әңгімелер жинағы: «Жазушы», 1968. «Көкейкесті». Роман. «Жазушы», 1969. «Зов» — «Көкейкесті» романының орысшасы: «Жазушы», 1972. «Соңғы көш». Роман, І-кітап: «Жазушы», 1974. «Бақыт жолында». Роман, әңгімелер: «Жазушы», 1976. «Саржайлау». Повестъ, әңгімелер: «Жазушы», 1978. «Последнее кочевье» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Орыс тілінде: «Жазушы», 1980. «Соңғы көш». Роман-дилогияның екінші кітабы: «Жазушы», 1981. «Шарайна». Роман. повесть, әңгімелер: «Жалын», 1982. «Көштен соңыра» - «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Түрік тілінде: Стамбул, 1983. «Сәйгүліктер». Повестер топтамасы. «Жазушы», 1984. «Атамекен». Роман. «Жалын», 1985. «Тағдыр». Роман. «Жазушы», 1988. «Екі томдық таңдамалы шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989. «Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992. «Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994. «Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша аудармасы; «Жалын», 1996. «Дарабоз». Тарихи романның екінші кітабы: «Жазушы», 1996. «Соңғы көш». Роман-дилогиясы көп жылдан кейін бірінші рет қайта басылды: «Жазушы», 1998. «Дарабоз». Тарихи роман-дилогия. Орыс тілінде: «Сөздік», 1999. «Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999. «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999.
Шығарманың композициялық құрылысына талдау
Басталуы: Жалғыз жортқан жолаушы
Байланысы: Жолда көрген қиыншылықтар
Шиеленісуі: Ойға оралған өткен күндер
Дамуы: Кінәсіз тағылған айып
Шарықтау шегі: 40 жылғы көкіректе сақталған сапар
Шешімі: Тұмар ішіндегі топырақтың жерге түсуі және елге жету